124
3. Амперметр не үшін қажет? Амперметр мен электр кедергісі сызбалар-
да қандай шартты белгілермен белгіленеді? Амперметрді пайдаланып
электр тізбегін құрғанда қандай қауіпсіздік техникасына
көңіл бөлу
керек?
4. Бөгде күштер деп нені айтады?
5. «Потенциалдар айырымы»,
«электр кернеуі», «электр қозғаушы күш»
ұғымдарының физикалық мағынасы қандай формулалар арқылы ашы-
лады және олар қалай тұжырымдалады?
6. Кернеу қандай құралмен өлшенеді және ол тізбекке қалай жалғанады?
1. 15 с ішінде өткізгіштің көлденең қимасынан 125 Кл заряд өтеді. Өткіз-
гіштегі ток күші қандай?
2. Егер ток күші 3 А болса, онда электр үтігінен 15
мин ішінде қанша за-
ряд өтеді?
3. Бөгде күштер ток көзінің ішінде 5 Кл зарядты қозғау үшін 30 Дж
жұмыс жасайды. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең?
4.
Ток көзінің ЭҚК-і 4,5 В. 2 Кл зарядты қозғау үшін бөгде күштер қандай
жұмыс жасайды?
№3 зертханалық жұмыс
Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөліктеріндегі
ток күші мен кернеуін өлшеу
Жұмыстың мақсаты: ток күшін өлшейтін амперметр мен кернеуді өлшейтін
вольтметр аспаптарын практикада пайдалана білуді үйрету.
Аспаптар мен жабдықтар: зертханалық амперметр мен вольт метр, жалғас-
тырушы сымдар, ток көзі, тізбекті тұйықтайтын кілт, кедергісі 4 Ом резистор,
реостат.
1-тапсырма. Амперметр мен вольтметр
шкалаларының құнын және өлшеу-
дің
аспаптық қатесін анықтаңдар (∆
І
с.қ
=
? ∆
U
с.қ
=
?). Аспаптық қате шкала
құнының жартысына тең.
2-тапсырма. Өлшеудің
толық абсолют қатесін ток күші бойынша
∆
І = ∆
І
А
+
∆
І
с.қ
және
кернеу бойынша
∆
U = ∆
U
V
+
∆
U
с.қ
формулаларымен анықтаңдар. Мұндағы ∆
І
А
және
∆
U
V
өлшеуіш аспаптың паспортында көрсетілген
абсолют қатесі. Зертханаларға арналған АЛ-2,5
амперметрдің абсолют қатесі ∆
І
А
=
0,05 А;
ал ВЛ-2,5
вольтметрінің қатесі ∆
U
А
= 0,15 В.
3-тапсырма. Суретте көрсетілген сызба бо йынша
электр тізбегін жинастырыңдар. Резистордан өтетін
ток күші мен оның ұштарындағы кернеуді өлшеңдер.
Жаттығу 5.1
Сурет 5.10
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217