Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


Акустикалық резонанс дегеніміз не? Акустикалық резонансты қалай  байқауға болады? 2



Pdf көрінісі
бет146/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219
1. Акустикалық резонанс дегеніміз не? Акустикалық резонансты қалай 
байқауға болады?
2. Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды? Неліктен 
домбыра шанағында немесе басқа ішекті аспаптарда ойық жасалады?
3. Жаңғырық дегеніміз не?
4. Үй ішіндегі дыбыс даладағыға қарағанда неліктен қаттырақ естіледі?
5. Ультрадыбыстың қандай ерекшелігі оны эхолокацияда қолдануға мүм-
кіндік береді?
6. Ультрадыбыс пен инфрадыбыстың пайдалы және зиянды жақтары 
қандай?
1. Бақылаушы биік таудың баурайынан 200 м қашықтықта тұр. Қанша 
уақыттан кейін ол өзінің қатты дауыстаған сөзінің жаңғырығын естиді? 
Дыбыстың таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептеңдер.
2. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естиді. Мыл-
тық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналас-
қан? Дыбыстың таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептеңдер.
3. Жақын орналасқан екі жартастың ортасында тұрған адам қатты дауыс-
тады. Ол екі жаңғырықтың бірін 1 с, екіншісін 1,5 с өткен соң естиді. 
Дыбыстың жылдамдығын 340 м/с. Жартастардың арақашықтығы қандай?
4. Негізгі «ля» музыкалық тонның толқын ұзындығын табыңдар. Бұл 
тонның жиілігі 435 Гц. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с.
5. Теңіз түбіне жіберілген және одан шағылған ультрадыбыс 0,8 с өткен 
соң қайтып оралды. Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығы 1490 м/с. 
Теңіздің тереңдігі қандай?
Сұрақтар
?
Жаттығу 5.9


209
ПРОЕКТ
1. Электрлік және магниттік құбылыстарға байланысты 8-сынып 
материалдарынан мынадай қорытынды жасауға болады. Электр өрісін 
электр заряды бар денелер туғызады. Бойымен электр тогы (зарядтары)
өтетін өткізгіштің төңірегінде магнит өрісі пайда болады. Қозғалмайтын 
зарядтың электр өрісі барлық уақытта да өзгеріссіз қалады. Бірқалыпты 
қозғалатын зарядтардың, яғни тұрақты электр токтарының төңірегінде 
пайда болатын магнит өрісі де өзгермейді.
9-сыныпта электр заряды бар бөлшектердің айнымалы қозғалыстары 
қарастырылады. Осыған орай 
зарядтар айнымалы қозғалыс жасаса, онда 
олардың төңірегінде қандай өріс пайда болады
? деген сұрақ туындайды. 
Бұл сұрақтың жауабын ағылшынның ұлы ғалымы Максвелл тапты.
Электр зарядтары айнымалы қозғалғанда, яғни кез келген айнымалы 
токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт өтуіне қарай өзгеріп оты-
рады. Сонымен қатар бұл айнымалы өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы 
теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас 
электрмагниттік өріс
тү-
рінде көрсетеді.
Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген теориялық талдауларын 
1873 жылы қорытындылап, электрмагниттік өрістің теориясын жасады. 
Ол өз теориясында біртұтас электрмагниттік өрістің бос кеңістікте де 
толқын түрінде тарай алатынын дәлелдеді. Максвеллдің электрмагниттік 
өріс теориясы былайша тұжырымдалады:
1) 
айнымалы электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит 
өрісін тудырады
;
2) 
айнымалы магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр 
өрісін тудырады
;
3) 
бір-біріне алма-кезек түрленіп отыратын, айнымалы электр және 
магнит өрістерінің ажырамас бірлігін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет