204
ПРОЕКТ
1. Жоғарыда (§31) механикалық тербеліс кезінде байқалатын резон-
анс құбылысын қарастырған болатынбыз. Осындай резонанс құбылысы
дыбыс тербелісі кезінде де орын алады. Оған көз жеткізу үшін камер-
тондарды пайдаланып, тәжірибелер жасайық.
Меншікті
тербеліс жиіліктері бірдей
екі камертонды бір-біріне жақынырақ
қойып, олардың бірін тербелтсек, екінші-
сіде тербеліске келеді (сурет 5.32). Ал
екінші камертонды ешкім тербеліске кел-
тірмегендіктен, оның тербелуіне бірінші
камертоннан ауа арқылы берілген тербе-
ліс ықпал етті деген қорытындыға келеміз.
Енді
екінші камертонның тербеліс
жиілігі бөлек басқа камертонмен алмас-
тырып, тәжірибені қайталайық. Бұл кез-
де екінші камертонның, дыбыс шығармайтынын байқауға болады. Бірін-
ші жағдайда камертондардың меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес кел-
гендіктен, резонанс құбылысы байқалды. Екінші жағдайда камертон-
дардың меншікті тербеліс жиіліктері
сәйкес келмегендіктен, резонанс
туындаған жоқ. Бірінші жағдайда,
қарастырылған құбылыс
акустика-
лық резонанс
деп аталады.
2. Акустикалық резонанс құбылысын пайдаланып, тербелетін денеден
шығатын дыбысты күшейтуге болады. Сондықтан камертондар арнайы
жәшіктерге орнатылады (сурет 5.32). Жәшіктің меншікті тербеліс жиі-
лігі камертонның шығаратын дыбыс жиілігіне үндестіріледі.
Мұндай
үндестік
уни-сон
, яғни
бірдей жиілікпен тербелу
деп, ал резонанс тудыра
алатын жәшіктер
резонаторлар
деп аталады.
Резонаторлар музыкалық аспаптардың (рояль, домбыра, гитара, қобыз,
сыбызғы т.б.) дыбысын күшейту үшін кеңінен қолданылады. Мысалы,
домбыра немесе қобыз (сурет 5.33) шанағының меншікті тербелісі оның
ішектерінің тербелісімен сәйкестендіріледі. Сондықтан шанақ резонатор
болып табылады. Дыбысты тек домбыра шанағы ғана емес, оның қуысы-
ның ішіндегі ауа да күшейтеді. Сондықтан домбыра немесе қобыз ша-
нағындағы ойықтың пішіні мен өлшемі де кездейсоқ жасалынбайды.
Шанақ тербелісі аспап үнінің өзіндік бояуын – тембрін анықтайды. Аспап
Достарыңызбен бөлісу: