Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


тежеулік рентгендік сәулелер



Pdf көрінісі
бет164/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   219
тежеулік рентгендік сәулелер
деп атайды. 
Рентгендік сәулелердің пайда болуы туралы кванттық көзқарас пен 
классикалық электрмагниттік көзқарас бұл арада бір-біріне қайшы 
келмейді. Айырмашылық тек мынаған саяды: 
электрмагниттік тео-
рия электрондардың тежелуі барысында туындайтын сәулелену үз-
діксіз шығады деп түсіндіреді, ал кванттық теория сәулелер үзілісті 
шығады, яғни оны h
ν
 дискреттік энергиясы бар жекелеген фотондар 
ағыны
шығарады
деп есептейді.
4. Рентгендік сәулелер мөлдір емес денелердің көпшілігінен оп-
оңай өтіп кетеді. Заттың тығыздығы жоғарылаған сайын, рентгендік 
сәулелердің өтімділігі кеми түседі. Мысалы, рентгендік сәулелердің 
қалыңдығы 5–10 см алюминий пластинкасынан бөгелмей өтетін болса
ал қалыңдығы 1 см қорғасын пластинкасында толығымен жұтылады. 
Сонымен қатар олар заттарда химиялық өзгерістер туғызады (мысалы, 
фотоқағазды қарайтады). Рентгендік фотосуреттер алу осы құбылысқа 
негізделген.


235
ПРОЕКТ
Рентгендік сәулелердің де-
нелерден өту қасиеті практика-
лық мақсатта кеңінен пайдала-
нылады. Медицинада рентгендік 
сәулелер ауруға диагноз қою үшін 
қолданылады. Мысалы, рент-
гендік сәулелер сынған сүйекті,
адам денесіндегі бөгде заттарды 
(оқты, инені, шегені т.б.), іш 
құрылысындағы кеселді анық-
тауды жеңілдетеді (сурет 6.9). Рентгендік сәулелерді қолдану арқылы 
өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі 
ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табуға болады. Рентгендік 
сәулелердің өтімділік қабілетін, химиялық әрекетін, энергияны тасы-
малдап жеткізу мүмкіндіктерін сырқат органдарды емдеу үшін кеңінен 
қолданады. 
Сонымен қатар рентгендік сәулелердің тірі организмге тигізетін за-
лалын да білу қажет. Рентгендік сәулелердің өтінде ұзақ болу өте зиян. 
Теледидар және компьютер мониторының экрандарына электрондар ағы-
ны соғылғанда да рентгендік сәулелер пайда болады. Мұндай құралдар-
дың қасында өте жақын әрі ұзақ отыру денсаулыққа нұқсан келтіреті-
нін естен шығармау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет