230
ПРОЕКТ
Әр зат үшін фотоэффектінің қызыл шегарасы әртүрлі. Мысалы, мы-
рыш үшін фотоэффект тудыратын жарық толқынының ұзындығы (қызыл
шегарасы) 370 мкм, калий үшін 450 мкм, натрий үшін 680 мкм т.с.с.
(қосымшаны қара).
Эйнштейн формуласының мағынасы мынаған саяды: электронның
шығу жұмысы мен кинетикалық энергиясы тек түскен жарықтың жиі-
лігімен (толқын ұзындығымен) ғана анықталады. Олар жарық ағынының
қуатына, яғни жарықты таситын фотондардың санына тәуелді емес.
Электрондардың босап шығуы, тек металл бетіне түсетін
жарықтың
жиілігі жоғары болған сайын немесе толқын ұзындығы кеміген сайын
λ
ν
=
1
арта түседі. Бұл қорытынды тәжірибе нәтижесімен де дәлме-дәл
келеді. Фотоэффект құбылысы – жарықтың бөлшектік қасиетінің айға-
ғы. Сонымен, жарық кейде толқын түрінде, кейде бөлшек – корпускула
(фотон) түрінде көрініс береді.
Жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттерінің бірлігі – таби-
ғи заңдылық. Бұл бірлікті
жарықтың корпускулалық-толқындық дуа-
лизмі
деп атайды. Дуализм барлық элементар бөлшектерге тән құбылыс.
5. Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды
фотоэле-
мент
дейді, ол техникада көптеп қолданылады.
Ең алғашқы
фотоэлементтің сыртқы
түрі мен құрылысы қарапайым болатын
(сурет 6.7). Мысал ретінде өнімдерді фото-
элемент жәрдемімен санайтын құрылғы-
ларды атауға болады. Ауасы сорып алын-
ған шыны баллонның ішкі беті (сәуле
түсетін саңылаудан басқасы)
жарық сез-
гіш қабатпен қапталған. Бұл қабат катод
(үзік сызықпен көрсетілген) қызметін, ал
анод қызметін баллон ішіне бекітілген
сым сақина атқарады.
Анод тұрақты ток көзінің (батареяның) оң полюсімен, ал
катод те-
ріс полюсімен жалғасқан. Саңылаудан жарық түскенде, катод бетінен
электрондар жұлынып шығып, анодқа қарай қозғалады да, тізбекте ток
пайда болады. Оны
G
сезгіш гальванометр көрсетеді. Сырттан жарық
түспесе, электрондар ағыны тоқталады да, тізбектегі ток үзіледі.
6. Фотоэффект өндірісте, тұрмыстық техникада және ғарыш аппарат-
тарында кең қолданылады. Оның дәстүрлі қолданылатын орындары
фототелеграф (кескіндерді сым арқылы алысқа беру), теледидар және
дыбысты кино болып табылады.
Cурет 6.7.
Фотоэлемент
231
ПРОЕКТ
Сонымен қатар фотоэлементтер өнді-
рісті автоматтандыруда айрықша рөл ат-
қарады. Cурет 6.8-де санағыш тетікті жұ-
мысқа қосып
отыратын фотоэлементтік
реленің сұлбасы көрсетілген:
Ф
– фотоэле-
мент,
S
– жарық көзі,
C
– санағыш тетік,
A
– саналатын бұйым,
M
– электрмагнит.
Фотоэлементтерді қолданатын реле (айыр-
ғыш) фотореле деп аталады.
Суреттен көріп отырғанымыздай,
A
нәрсе сәуле жолына тап болғанда,
тізбек-
тегі ток үзіледі. Ал нәрсе сәуле жолынан өткен соң
фотореле
токты
қайтадан қосып, санағыш тетік әрбір нәрсе сәуле жолынан өткен сайын
оларды тіркеп, санақтан өткізіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: