Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет133/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   219
1. Толқындық қозғалыс.
Өткен тарауда біз жеке тербелмелі жүйе-
лердегі тербелістерді қарастырдық. Алайда дене тербелетін ортада қан-
дай құбылыс орын алатыны қарастырылмады. Әрине, ортаның да дене 
тербелісінен тыс қалмайтыны анық.
Мысалы, суға лақтырылған тастың түскен жерінде ойыс пайда болып, 
оның төңірегінде ығысқан су дөңгелек 
сақина пішінді өркеш түзеді (сурет 
5.22). Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан-
жағына қарай кеңейе отырып, тастың 
түскен жерінен алыстай бастайды. 
Біріншіден кейін екінші, содан соң 
үшінші т.с.с. өркештер пайда болады. 
Өркештер бір-бірінен ойыстармен бөлі-
неді. Су бетінде байқалған бұл процесс 
толқындық қозғалыс
болып табыла-
ды. Мұндағы ең маңызды ерекшелік –
су толқынмен бірге ығыспайды. Расын-
да да, суда қалқып жүретін кез келген дене толқынның өркештеріне 
келгенде көтеріліп, ойыстарына келгенде төмен түсіп, тербеліп қана 
тұратынын байқауға болады.
2. Серпімді ортадағы толқындардың таралуы.
Егер серпімді орта-
ның қандай да бір жерінде оның бөлшектерінің тербелісін тудырса, 
онда тербеліс осы ортада 
v
жылдамдықпен тарала бастайды. Тербелістің 
серпімді ортада таралуына бір ұшы вертикаль тірекке бекітілген ұзын 
жіп мысал бола алады (сурет 5.23, 
а
). Жіптің екінші ұшы серіппеге 
ілінген жүкке жалғанып, оның көмегімен тербелмелі қозғалысқа кел-
тіріледі. Бұл кезде жіп бойымен тербелістер тарай бастайды, яғни 
толқындық қозғалыс туындайды.
Сурет 5.22.
Су бетіндегі толқын
§33.
 
тОЛҚЫНдЫҚ ҚОЗҒАЛЫС


193
ПРОЕКТ
 
а
)
ә
)
б
)
Сурет 5.23
Тірек
Серіппенің тербелісі кезінде жіптің бірінші бөлшегі (түсінуге оңай 
болу үшін оны біреу деп есептейік) тепе-теңдік күйінен шығып, серіппеге 
ілінген жүк сияқты онымен ілесе жоғары-төмен тербеле бастайды 
(сурет 5.23, 
ә
). Жіптің осылай деформациялануы кезінде туындайтын 
серпімділік күші әрекетінен бірінші бөлшектен кейін кезекпен жіптің 
келесі бөлшектері де тербеледі (сурет 5.23, 
б
). Олардың әрқайсысы бір-
бірінен кешеуілдеп жоғары-төмен ауытқып, өзінің тепе-теңдік күйінің 
айналасында тербеліс жасайды. Бөлшектердің кешігуі олардың арасында 
серпімділік күштерінің пайда болуына белгілі бір уақыттың қажет бо-
луынан туындайды. Сондықтан жіптің келесі бөлшектері алдыңғылары-
на қарағанда кешігіп тербеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет