193
ПРОЕКТ
а
)
ә
)
б
)
Сурет 5.23
Тірек
Серіппенің тербелісі кезінде жіптің бірінші бөлшегі (түсінуге оңай
болу үшін оны біреу деп есептейік) тепе-теңдік күйінен шығып, серіппеге
ілінген жүк сияқты онымен ілесе жоғары-төмен тербеле бастайды
(сурет 5.23,
ә
). Жіптің осылай деформациялануы
кезінде туындайтын
серпімділік күші әрекетінен бірінші бөлшектен кейін кезекпен жіптің
келесі бөлшектері де тербеледі (сурет 5.23,
б
). Олардың әрқайсысы бір-
бірінен кешеуілдеп жоғары-төмен ауытқып, өзінің тепе-теңдік күйінің
айналасында тербеліс жасайды. Бөлшектердің кешігуі олардың арасында
серпімділік күштерінің пайда болуына белгілі
бір уақыттың қажет бо-
луынан туындайды. Сондықтан жіптің келесі бөлшектері алдыңғылары-
на қарағанда кешігіп тербеледі.
Достарыңызбен бөлісу: