235
ПРОЕКТ
Рентгендік
сәулелердің де-
нелерден өту қасиеті практика-
лық
мақсатта кеңінен пайдала-
нылады. Медицинада рентгендік
сәулелер ауруға диагноз қою үшін
қолданылады. Мысалы, рент-
гендік сәулелер сынған сүйекті,
адам денесіндегі бөгде заттарды
(оқты, инені, шегені т.б.), іш
құрылысындағы кеселді анық-
тауды жеңілдетеді (сурет 6.9). Рентгендік
сәулелерді қолдану арқылы
өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі
ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табуға болады. Рентгендік
сәулелердің
өтімділік қабілетін, химиялық әрекетін,
энергияны тасы-
малдап жеткізу мүмкіндіктерін сырқат органдарды емдеу үшін кеңінен
қолданады.
Сонымен қатар рентгендік сәулелердің тірі организмге тигізетін за-
лалын да білу қажет. Рентгендік сәулелердің өтінде ұзақ болу өте зиян.
Теледидар және компьютер мониторының экрандарына электрондар ағы-
ны соғылғанда да рентгендік сәулелер пайда болады. Мұндай құралдар-
дың қасында өте жақын әрі ұзақ отыру денсаулыққа нұқсан келтіреті-
нін естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: