238
ПРОЕКТ
3. Егер рентген түтігінің анодтық кернеуі 30 кВ болса, онда рентген сәуле-
сінің ең қысқа толқын ұзындығы қандай болады?
4. Рентген сәулелерінің спектріндегі ең кіші толқын ұзындығы 1 нм болса,
онда анодқа соғылатын электронның жылдамдығы қандай болады?
5. Тежелу рентгендік сәулесінің спектріндегі ең қысқа толқынның ұзын-
дығы 15,5 пм болса, онда рентген түтігі қандай кернеуде жұмыс жасайды?
1. Атомдар ертедегі грек ғалымдарының болжағанындай, заттардың
химиялық қасиетін сақтайтын ең кішкентай бөлігі. Алайда атом бөлін-
бейтін бөлшек деген олардың пайымдаулары ХХ ғасырдың басында тә-
жірибе жүзінде теріске шығарылды.
Иондалған атомдар зарядтарының дискреттілігі, жылулық сәуле шы-
ғару, фотоэффект, рентгендік сәулелер, электронның ашылуы және бас-
қа да құбылыстар атомның құрылымы күрделі екенін айғақтайды.
Расында да, атом оң зарядты ядродан және теріс зарядты электрон-
дардан тұратынын ағылшынның ұлы ғалымы
Резерфорд пен оның шә-
кірттері эксперимент жүзінде дәлелдеді. Ол туралы келесі параграфта
толық айтылады. Бұл арада сөз атомның өзі ғана емес, тіпті оның ядро-
сының да құрылымы күрделі екенін айғақтайтын
радиоактивтік
құбы-
лыс туралы болады.
2. ХІХ ғасырдың аяғында (1896 ж.) француз ғалымы Беккерель та-
биғаты ерекше тағы бір сәулеге тап болды. Менделеев кестесінің соңына
қарай орналасқан уран элементінің өз-өзінен көзге көрінбейтін бөлшек-
тер мен сәулелерді шығарып жататыны анықталды.
1898 жылы Пьер Кюри және Мария Склодовская
уран кенінен екі
жаңа химиялық элемент
радий
мен
полонийді
бөліп алды.
Радий сөзі
гректің radiare – «сәулелену», «сәуле шығару» деген сөзінен алынған, ал
полоний сөзі поляк қызы М. Склодовскаяның құрметіне берілген. Бұл
екі элементтің ерекше сәуле шығару белсенділігі уранға қарағанда бірне-
ше мың есе артық болып шықты.
Радий немесе уран сияқты өздігінен ерекше сәуле шығарып тұратын
химиялық элементтерді
Достарыңызбен бөлісу: