Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет195/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   219
термоядролық реакция
немесе 
термоядролық синтез
деп 
аталады.
2. Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдар-
дың басында Қазақстанда (Семей полигоны) 
сутек бомбасын
жару 
арқылы жүзеге асырылды. Термоядролық бомбаның ішіне жоғары тем-
пература алу үшін атом бомбасының заряды және жеткілікті мөлшер-
де сутек изотоптары (мысалы, дейтерий) орналастырылады. Термоядро-
лық жарылыста әуелі атом бомбасының заряды іске қосылады да, 
температура миллиондаған градусқа көтеріліп, сутек изотоптарының 


274
ПРОЕКТ
ядролары жаппай біріге бастайды. Осылайша әп-сәтте атом бомбасының 
жарылысы сутек бомбасының жарылысына ұласады. 
3. Қолдан басқарылатын термоядролық реакцияларды іске асыру 
зор қиындықтарға кезікті. Оларды жүзеге асыру үшін, негізінен, үш 
мәселені ғылыми-техникалық тұрғыда шешу керек.
Біріншіден
, сутек газын қыздыру арқылы ыстық плазманың темпе-
ратурасын ондаған миллион градусқа көтеру қажет.
Екіншіден
, термоядролық реакцияны тұтандыру үшін ыстық плаз-
маны суытпай, белгілі бір көлемде кем дегенде 10
–1
– 10
–2 
с ұстап тұру 
қажет.
Үшіншіден
, термоядролық реакция қарқынды жүріп, энергия шы-
ғымы қажетінше мол болуы үшін ыстық плазмадағы дейтерий ядро-
ларының тығыздығы белгілі бір шамадан кем болмауға тиіс, яғни 1 м
3
көлемде кем дегенде 10
22
бөлшек болуы керек.
Осы үш шарт қатарынан орындалса ғана басқарылатын термоядро-
лық реакцияны іске асыруға болады. Алайда плазма заттың ең орнық-
сыз құбылмалы күйі болып табылады. Сондықтан жоғарыда айтылған 
үш шартты бір мезгілде орындау мәселесі әлі күнге шешуін таппай отыр.
Басқарылатын термоядролық реакцияларды жүзеге асыра алған 
жағдайда оның адамзат қоғамын мәңгі бақи рақатқа бөлейтін екі ұлы 
артықшылығы бар. Біріншіден, жеңіл элементтердің ядроларының бірі-
гу реакциясында ауыр элементтердің ядроларын бөлетін реакциядағы-
дай аса зиянды қалдықтар мен қоқыстардың орнына кәдімгі таза су 
түзіледі. Екіншіден, термоядролық энергияның «отыны» – жеңіл эле-
менттің (сутектің) қоры ғаламда да, Жер бетінде де шексіз мол. Ал өн-
діруі қиын әрі зардапты ауыр элементтердің (уранның) қоры 2–3 мың 
жылға ғана жетеді.
4. Термоядролық плазманы ұстап тұрудың бір тәсілін Нобель сый-
лықтарының иегерлері ресейлік А.Д. Сахаров пен И.Е. Тамм 1950 ж. 
ұсынды. Бұл тәсіл бойынша ыстық плазманы салқын қабырғаларға ти-
гізбей, аса қуатты магнит өрісінде ұстап тұруға болады. Расында да, 
Лоренц күші плазманың зарядталған бөлшектерін термоядролық реак-
тордың ішкі өзегіндегі магнит өрісінің күш сызықтарына «байлап», 
оларды ұстап тұра алады.
Ыстық плазманы магний өрісінде ұстап тұруға негізделіп жасалған 
қондырғыны 
токамак
деп атайды. Оның аты 
тор

камера

магниттік 
катушка
сөздерінің алғашқы буындарынан құралған. Токамак болашақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет