Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет39/77
Дата28.09.2024
өлшемі457,37 Kb.
#146038
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

87
Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. – Алматы, 1975. 
2.
Исаев С. 
Қазақ тілі жайында ойлар. – Алматы, 1997.
3.
Оралбай Н.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. 
4. 
 Əбуханов Ғ. 
Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология жəне синтак-
сис. – Алматы, 1982. 
5. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
6.
Маманов Ы. 
Қазақ тіл білімінің мəселелері. –Алматы, 2007.
7. 
 Ысқақов А. 
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. 
8.
Байтұрсынұлы А.
Тіл – құрал. –Алматы, 2009. 
9.
Алтаева А. 
Көмекші етістіктердің семантикасы. – Алматы, 2006.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Етістіктің қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы.
2. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан бөлінуі.
3. Негізгі жəне көмекші етістіктер.
4. Көмекші етістіктің түрлері, қызметі.
5. Етістіктің категориялары, топтастырылуы.
6. Салт-сабақтылық категориясы, сипаты, ерекшелігі.
7. Етіс категориясы, етіс жұрнақтарының қолданылу ерекшелігі.
8. Болымдылық-болымсыздық категориясы, берілу жолдары.
9. Амалдың өту сипаты категориясы, жасалуы, ерекшелігі.
10. Рай категориясы, түрлері.
11. Шақ категориясы жəне шақ түрлері.
12. Етістіктің жақ категориясы жəне жіктелуі.
13. Есімше, жасалу жолдары, түрленуі, қызметі.
14. Көсемше, мағынасы, түрлері, жасалуы.
15. Қимыл есімі, жасалуы, зат есімдермен арақатынасы. 
10. Етістіктің аналитикалық формасы жəне 
аналитикалық формант
Аналитикалық форма (грек. 
analytikos 
жіктелген, дараланған, ла-
тын. forma) – құрамы негізгі атауыш жəне көмекші жеке сөздерден 
тұратын грамматикалық форма. Осы ұғыммен байланысты линг-
вистикада аналитизм ұғымы қолданылады. Бұл ұғымдар бір-
бірімен байланысып, бірін-бірі толықтырып отырғанымен, өзара 
ерекшеленеді. Аналитизм (грек. 
analysis
жіктелу, ыдырау) – сөздің 


88
негізгі (лексикалық) жəне қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық) 
мағыналарын ажыратып білдіретін, синтетизмге, яғни бір сөздің 
құрамындағы бірнеше морфеманы біріктіретін тіл құрылымының 
бір-біріне қарама-қарсы типологиялық қасиеті. Егер синтетизм-
де бірнеше морфема бір сөздің құрамында біріктірілсе, анали-
тизмде сөздің морфологиялық тұрақты құрамы мен аналитикалық 
құрылымдар бір-біріне қатысты болады. Мысалы,
 отырмын 
– айтып отырмын; жақсырақ – өте жақсы, тым жақсы, 
т.б. 
Ұқсастығы: екі жағдайда да етістіктің шақ категориясы мен 
сапалық сын есімнің шырай категориясы жасалып тұр. Ерекшелігі: 
осы категориялардың жасалу жолдарында,
 отырмын, жақсырақ
– синтетикалық формалар; 
айтып отырмын, өте жақсы, тым 
жақсы 
– аналитикалық формалар. Аналитикалық форманың құрамы 
-ып 
дəнекер қосымша мен 
отыр
көмекші етістіктен, 
өте, тым
күшейткіш көмекшіден қалыптасқан аналитикалық форманттардан 
тұрады. Бұл тұста аналитикалық форманың сөз таптарында бірдей 
жолмен берілмейтіндігі де назар аударады. Етістіктерде негізгі сөз 
бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілсе, сапалық сын есімдерде 
сөздердің орын тəртібі арқылы беріледі. Соның негізінде сөздің 
морфологиялық құрамында грамматикалық мағынаның толық мəнді 
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесуі, сөздердің орын тəртібі, ин-
тонация арқылы анықталуы аналитизм құбылысымен түсіндіріледі. 
Тіл білімінде сөздің аналитикалық формасы туралы теория 
аналитикалық тілдердің ерекшеліктерін зерттеумен байланыс-
ты пайда болып, соның негізінде аналитикалық форма ұғымы 
біраз уақытқа дейін тек аналитикалық тілдер тұрғысынан ғана 
қарастырылып келгендігі белгілі. Ал қазіргі кезде бұл құбылыстың 
жүйесі мен құрылымы басқа тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне де 
тəн екендігі нақты тілдік деректермен дəлелденген. 
Аналитикалық форма, кем дегенде, екі сөзден құралады. Соның 
негізінде толық мəнді сөз бен көмекші сөздің тіркесімі немесе фор-
манттар арқылы аналитикалық құрылымдар қалыптасады. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет