Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1.
Шəкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер категориясы. – Ал-
маты, 1961.
2.
Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Алматы, 2009.
3.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
4.
Төлеуов Ə. Сөз таптары. –Алматы, 1982.
5.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991.
6. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
7.
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы, 2007.
8.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Қазақ тіл білімінде сын есімнің зерттелуі.
2. Сын есімнің мағынасы, морфологиялық белгісі жəне қызметі.
3. Сапалық сын есімдер, құрамы, мағынасы.
4. Қатыстық сын есімдер, ерекшелігі, құрамы, мағынасы.
5. Жалаң жəне күрделі сын есімдер.
6. Шырай категориясы, түрлері, грамматикалық көрсеткіштері.
7. Шырай жұрнақтарының грамматикалық сипаты.
7. Сан есім
Лексика-грамматикалық ерекшеліктері, яғни құрамына ене-
тін сөздердің лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық 


59
жəне синтаксистік бірыңғайластығы жағынан дербес лексика-
грамматикалық категория ретінде қаралатын сөз табының бірі 
– сан есім. Мағыналық жəне қызмет сипатына қарай сан есімдер 
сын есімдерге ұқсас келеді. Ол ұқсастық: сын есімдер заттың түрлі 
сындық белгісін білдірсе, сан есімдер зат есімдермен тікелей бай-
ланысып, заттық ұғымның əртүрлі сандық сипатын білдіреді. Мы-
салы, 
қалың кітап – төрт кітап, əдемі қалам – он қалам, т.с.с. 
Сан есімдер де, сын есімдер сияқты, зат есіммен тікелей байла-
нысады. Бірақ сан есімнің сын есімнен ерекшелігі: зат есіммен 
тіркеспей де қолданылады. Зат есіммен тіркесіп не тіркеспей жеке-
дара қолданылуы сан есімнің семантикасына да əсер етеді. Сан 
есімдердің жалпы сандық ұғымдардың (
бір, бес, жеті, т.б.) ата-
уын білдіруі олардың зат есімсіз қолданысына байланысты. Ал кері 
жағдайда, яғни зат есіммен тіркескенде, олар жалпы сандық ұғымды 
емес, өзі тіркескен заттың нақты, дəл санына қатысты мағынаны 
білдіреді. Мысалы: 
бес – бес студент, 201 – екі жүз бірінші бөлме. 
Мұның алғашқыларында сандық мағына жалпы, абстрактілі болса, 
соңғыларында сан есімдер зат есіммен тіркесіп, заттың нақты санын 
білдіріп тұр. Бұдан сан есімдердің нақты сандық ұғымды білдіруі зат 
есімдермен тіркесіп қолданылуына байланысты екендігі көрінеді. 
Сан есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі олардың сөз тап-
тары жүйесіндегі орны, мағыналық сипаты, қызметі жəне басқа 
сөз таптарымен арақатынасы негізінде анықталады. А. Бай-
тұрсынұлы сан есімді нəрселердің есебін һəм ретін көрсететін 
сөздер ретінде анықтаса, Қ. Жұбанов сан есімді «заттың не істің 
сан белгісін көрсететін, реттік үстеуін ертетін, зат есімге де, 
етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш күйінде өзі мен 
анықталушысының аралығына зат есім анықтауышты амалсыз сала-
тын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір» деп сипаттайды. 
Ғалым сан есімнің зат есім анықтауышты амалсыз салуы мен сын 
есім анықтауышты еркін салуын мынадай мысалдармен түсіндіреді: 
биік тас үй, екі тас үй деген мысалдардағы бірінші жағдайда үй 
сөзін сын есім
 (биік) мен зат есім (тас) анықтауыштар анықтап тұрса, 
екінші жағдайда сан есім 
(екі) мен зат есім (тас) анықтауыштар 
анықтап тұр. Бұл жағдайда сан есім
 (екі) өзі мен үй сөзінің арасына 
зат есім 
(тас) анықтауышты амалсыз салып тұр. 
Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге сырт-
тай ұқсас болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың 
ұқсастығы екі сөз табының да зат есімді анықтауымен байланысты 


60
болса, айырмашылығы сол анықтаудың əртүрлілігімен, яғни сын 
есімдердің зат есімдерді сапалық белгісі, түр-түсі, қасиеті жағынан, 
ал сан есімдердің зат есімдерді сан-мөлшері, реті, шамасы жағынан 
анықтауымен сипатталады.
Сөз таптары жүйесінде сан есімдер, негізінен, белгілі бір заттық 
ұғымдар мен құбылыстардың нақты санын, ретін, мөлшерлік, 
болжалдық, бөлшектік есебін айқындау үшін қолданылады. Жал-
пы алғанда, сандық ұғымды білдіретін сөздер заттың əрі нақтылы 
сандық мөлшерін, əрі абстрактілі сан атауын да білдіру қызметін 
атқарады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет