он тоғыз, он бес, жиырма бір – қосылмалы жол,
үш жүз, бір мың – көбейтілмелі жол. Ғалым А. Ысқақов күрделі сан
есімдердің жасалуындағы мұндай жолдарды оның негізгі тəсілдері
ретінде түсіндіреді. Сондай-ақ аталған тəсілдердің мынадай
ерекшеліктерін атап көрсетеді: 1) күрделі қосылмалы сандар тек он
бір мен тоқсан тоғыз, жүз бір мен тоғыз жүз тоқсан тоғыз, одан əрі
осылай жалғаса береді; 2) күрделі қосылмалы сандар үнемі жоғары
дəрежелі саннан басталып, төменгі дəрежелі санмен аяқталады. Мы-
салы:
жүз бір, тоқсан үш, т.б. Күрделі көбейтілмелі сан есімдер,
керісінше, үнемі төмен дəрежелі сандармен басталып, жоғары
дəрежелі сандармен аяқталады. Мысалы:
бес жүз, он мың, тоғыз
жүз, т.б. Күрделі сан есімдер тек бірыңғай көбейтілмелі немесе
қосылмалы тəсілмен ғана жасалмайды, екі тəсілдің араласуы арқылы
62
жасалатын сан есімдер де кездеседі. Мысалы:
үш мың төрт жүз елу
бес – үш мың – мыңдық көбейтілмелі, төрт жүз – жүздік көбейтілмелі,
елу бес – қосылмалы сан. А. Ысқақов күрделі сан есімдердің мұндай
түрін аралас күрделі сан есімдер деп атайды. Күрделі сан есімдердің
екі түрлі жасалу жолы Н. Оралбайдың еңбегінде де қарастырылады.
Ғалым күрделі сан есімнің мағынасы оның құрамындағы сандардың
мағынасынан екі түрлі жолмен, атап айтқанда, күрделі санның
құрамындағы сандарды бір-біріне қосу жəне көбейту арқылы
үшінші санның аты жасалатындығын айтады. Сондай-ақ қазіргі кез-
де дара туынды сан есімдер қатарында қарастырылып жүрген
ал-
пыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдерінің де бастапқыда күрделі
сан болғандығын, оған алпыс, жетпіс сандарының құрамындағы
-пыс, -піс сөздері бастапқыда ондық мəнін бергенін, ал сексен,
тоқсан сандары сегіз, тоғыз сандарына он санының кірігуі арқылы
қалыптасқандығы туралы тілдік деректер келтіреді.
Сан есімдерді семантикалық топтарға бөлуде олардың заттың
немесе қимылдың санын түрліше білдіруі негізге алынады. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі сан есімдер семантикалық
жағынан бірнеше топқа бөлінеді.
Ғалым А. Байтұрсынов сан есімдерді есептік, реттік жəне темілдік
сан есімдер тəрізді үш топқа бөліп, заттың есебін көрсететін сан
есімдерді есептік, ретін көрсететін сан есімдерді реттік, ал нəрсенің
бүтіні емес, бөлімтігінің санын көрсететін сан есімдерді темілдік деп
атайды. Бұл топтастыруда жинақтау сан есімдері есептік сан есімнің
бір түрі ретінде қаралса, темілдік сан есімдер қатарындағы сөздер
(
жарты, жарым, ширек) сан есімге жатпағанымен, сан есімнің
бұл түріне берілген анықтама бөлшектік сан есімдердің сипаты-
на сəйкес келеді. А. Ысқақов, Н. Оралбай сан есімдердің есептік,
реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік сан есім тəрізді
алты тобын бөліп көрсетеді. Қазақ тілі морфологиясына қатысты
ғылыми еңбектерде сан есімдердің мағыналық топтарға бөлінуінде
айтарлықтай өзгешелік болмағанымен, қазақ грамматикаларын-
да олардың аталуы мен саны жағынан бірқатар ерекшеліктер бар.
Атап айтқанда, «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде сан есімдер
мағынасына қарай есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, бөлшектік
сан жəне жинақтық сан болып бес түрге бөлінсе, «Қазақ тілінің
грамматикасы» (1967) мен «Қазақ грамматикасында» (2002) есептік,
реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік жəне топтық болып алты
түрге бөлінеді.
63
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық мөлшерін немесе
абстрактілі сандық ұғымды білдіру үшін қолданылатын сан есімдер-
дің мағыналық тобы есептік сан есімдер деп аталады. Есептік сан
есімдер сан есімнің басқа мағыналық топтарынан, біріншіден, басқа
сөз таптарынан жасалмауымен, екіншіден, əрі заттың сан мөлшерін,
əрі дербес абстрактілі сан атауын білдіруімен ерекшеленеді. Мұндай
қолданыста есептік сан есімдер тұлғалық өзгеріске ұшырау неме-
се ұшырамау жағынан да бірдей сипатта болмайды. Заттың сан
мөлшерін білдіргенде ешбір өзгеріске түспесе, дербес сан атауы
мағынасында қолданылған жағдайда септік жалғаулары арқылы
түрленуге түседі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |