68
тілдеріндегі есімдіктерді зерттеуші ғалым Кастреннің еңбегі болды.
Есімдіктерді одан əрі зерттеу В. Шотт, Б. Мункачи (орал-алтай тілі),
В. Радлов, Г. Рамстедт (монғол тіліндегі есімдіктер), В. Банг (түркі
тілдеріндегі есімдіктер), т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасын
тапты.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер тарихы, құрамы мен қалыптасу
жүйесі, мағыналық сипаты жағынан Н. Сауранбаевтың (Есімдіктер),
Ш. Сарыбаевтың (К
вопросу о местоимении в казахском языке),
Ə. Тө леуовтің (Қазақ тіліндегі есімдіктер), Ə. Ибатовтың еңбектерін-
де кеңінен қарастырылды.
Есімдіктердің мағыналары қаншалықты жалпылық сипатта
болғанымен, олар қай сөз табының орнына қолданылса, сол сөз
табының негізгі мағынасына сəйкес мағынамен ұштасады.
Мағына-
лық сипаты мен сөз таптарының жалпы грамматикалық мағынала-
рына қатысына қарай есімдіктер қазақ тілінің грамматикалары мен
жекелеген зерттеулерде түрліше топтастырылады. Атап айтқанда,
қазақ тілі грамматикаларында есімдіктерді жалпылама зат атаулары
мен жалпылама белгі атауларына қатысына қарай субстантивтік жəне
атрибутивтік есімдіктер деп екі түрге бөліп қарастырады. Ғалым
А. Ысқақовтың еңбегінде де есімдіктер заттық ұғымды білдіретін
сөздердің орнына қолданылатын жəне заттың белгісін білдіретін
сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер
деп екі жікке бөлініп,
заттық ұғымды білдіретін есімдіктер субстантивтік есімдіктер,
ал заттың белгісін білдіретін есімдіктер атрибутивтік есімдіктер
деп аталады. Мысалы:
мен, сен, сіз, ол – заттық ұғымды білдіретін
субстантивтік есімдіктер,
бұл, сол, анау, мынау – заттың белгісін
білдіретін атрибутивтік есімдіктер. Ал Н. Оралбай есімдіктерді
заттық есімдіктер, белгі есімдіктері жəне сандық есімдіктер деп үш
топқа бөледі. Бұлайша топтастыруда
ғалым сөз таптарының зат, белгі
жəне сандық ұғымдарға бірдей қатысты болатындығын ескереді.
Есімдіктерді сөз таптарына қатысына қарай топтастыруда бұл пікірді
құптауға болады. Егер есімдіктерді субстантивтік жəне атрибутивтік
деген топтармен шектесек, олар өзі орнына қолданылатын сөз
таптарының барлығын бірдей қамти алмаған болар еді. Тілдік де-
ректер мен тұжырымдарға сүйенсек, есімдіктер орынбасар сөз
қызметінде зат есім мен сын есімдерден басқа сан есім, үстеулердің
де орнына жұмсалады. Сондықтан есімдіктерді екі түрмен
шектемей,
оларды заттық есімдіктер, белгі есімдіктері жəне сандық есімдіктер
деп бөлу тілдік тұрғыдан толық негізді.
69
Сөз таптарына тəн негізгі қасиеттердің бірі олардың түрлену-
түрленбеуімен байланысты анықталады. Жалпы, есімдіктердің
өзіне тəн арнайы грамматикалық категориялары болмаса да, олар
түрленеді. Мұндай қасиетке ие болуы есімдіктердің орынбасарлық
қызметіне байланысты. Нақтылай айтсақ, есімдіктер қай сөз
табының
орнына жұмсалса, сол сөз табының грамматикалық
категорияларының көрсеткіштерімен белгілі бір парадигмалық
түрлену жүйесіне түседі. Сондықтан есімдіктердің септелуі,
көптелуі, тəуелденуі жəне жіктелуі олардың заттық ұғымдарға
қатысымен, заттану құбылысымен анықталады. Ал, керісінше, белгі
немесе сандық ұғымдарға қатысты болғанда, есімдіктер түрленбейді.
Сондықтан есімдіктердің морфологиялық жағынан түрленуі неме-
се түрленбеуі олардың өзі орнына
қолданылатын сөз таптарының
грамматикалық сипатына байланысты болады. Есімдіктерді толық
қамтитын морфологиялық тұлғалар болмағанымен, олардың
кейбір топтары өзіне тəн морфологиялық түрлену жүйесімен
ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктер есімдіктердің, əсіресе, септелу
жəне көптелу жүйесімен сипатталады. Есімдіктер біркелкі жүйемен,
заңдылықпен септелмейді, сондай-ақ септелу жүйесі барлық
есімдіктерді қамтымайды. Олардың ішінде септік жалғауын мүлдем
қабылдамайтын (
Достарыңызбен бөлісу: