Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. 
Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі есім категориясы. –Алматы, 1963.
2. 
Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Алматы, 2007.
3.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1992.
4. 
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
5. 
Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954.
6. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
8. 
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Зат есімнің зерттелуі, сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2. Зат есімнің мағыналық топтары, ерекшелігі.
3. Көмекші есімдердің сөз таптары жүйесіндегі орны, зерттелуі.
4. Көмекші есімдердің семантикасы.
5. Көмекші есімдердің морфологиялық сипаты.
6. Көмекші есімдердің грамматикалық қызметі.
4. Зат есімнің грамматикалық категориялары
Тіл ғылымында грамматикалық категорияның грамматикалық 
мағына жəне грамматикалық форма ұғымдарымен арақатынасы 
сөздердің лексика-грамматикалық топтарындағы сипаты мен 
қызметіне байланысты анықталады. Грамматикалық категориялар 
жалпы сөз таптарына тəн құбылыс болғандықтан, оның сөз таптары-
на қатысы, ондағы берілу жолдары бірдей сипатта болмайды. Соған 
қарамастан, грамматикалық категория сөз таптарымен тығыз байла-
ныста болады. 


37
Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы 
жағынан түрленуге бейім, сөз таптары жүйесінде грамматикалық 
категорияларының түрі мен саны жағынан етістіктен кейінгі 
екінші орында тұратыны – зат есімдер. Зат есімдердің лексика-
грамматикалық жағынан белгілі бір грамматикалық түрлену жүйесіне 
түсіп, əртүрлі грамматикалық мағынаны білдіруі жəне сөйлемде 
басқа сөздермен белгілі бір грамматикалық байланыста болуы 
олардың грамматикалық категориялары арқылы жүзеге асады. Қазақ 
тілі морфологиясында зат есімдер, негізінен, көптік, септік, тəуелдік 
жəне жіктік жалғауларының қосымшалары арқылы түрленетіндігі 
белгілі. Зат есімдердің көптік жəне тəуелдік жалғауымен түрленуін 
А. Байтұрсынов зат есімдердің «айырысы» жəне «қалпы» деп 
анықтап, оның жекелік жəне көптік айырысы, оңаша тəуелді жəне 
ортақ тəуелді қалыптарын бөліп көрсетеді. 
Грамматикалық категорияларға қатысы тұрғысынан зат 
есімдердің көптелу, септелу, тəуелдену жүйесіндегі мағына-
лық ерекшеліктері көптік, септік, тəуелдік категорияларымен 
байланысты. 
Тіл ғылымында зат есімдердің қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғауды 
қабылдауы жалпы грамматикалық категория мен сол категорияның 
бір көрсеткіші қызметінде ғана қолданылатын қосымшалардың 
аражігін анықтауда да қиындық келтіретіндігі белгілі. Сондықтан 
көптік категориясы мен көптік жалғау, септік категориясы жəне 
септік жалғауы, тəуелдік категориясы жəне тəуелдік жалғауы, жақ 
категориясы жəне жіктік жалғауы ұғымдарының арақатынасындағы 
межені анықтау зат есімдерге тəн грамматикалық категория 
түрлерінің тілдік табиғатын нақтылауға толық негіз болады. 
Қазақ тілінде зат есімдердің грамматикалық категорияларын 
ғалым Н. Оралбай сандылық категориясы, тəуелдік категориясы 
жəне септік категориясы деген түрлерге бөліп, əр категорияның 
өзіндік көрсеткіштерін анықтайды. Ғалымның пікірінше, ол 
көрсеткіштердің əрқайсысы зат есімдерге жалғанып, зат есім сөзді 
өз категориясының тұлғасына көшіреді.
Зат есімдердің сандылық категориясы (Н. Оралбайдың топта-
стыруы бойынша) бірде көптік-жекелік (А. Байтұрсынұлы), бірде 
грамматикалық сан-мөлшер (көптік-жекелік) (К.Аханов, С. Исаев), 
бірде көптік (А. Ысқақов) категориясы деп түрліше аталады. Ғалым 
С. Исаев грамматикалық категория деген ұғымның негізгі мəні 
мен түрлері туралы айқындай, аша түсетін мəселелердің аз емес 


38
екендігін атап көрсетеді. Сондай мəселелердің бірі – грамматикалық 
категориялардың атауына байланысты. Бұл тұжырым зат есімнің 
түрліше аталып жүрген сандылық категориясына да байланысты. 
Зат есімнің сандылық категориясын К. Аханов сан-мөлшер ка-
тегориясы деп атап, оның пайда болуын тілдегі даралық ұғым мен 
көптік ұғымды бір-бірінен ажыратумен байланысты түсіндіреді. 
Сонымен қатар грамматикалық сан-мөлшер категориясының 
əртүрлі тілдерде түрлі грамматикалық тəсілдер, морфология-
лық көрсеткіштер арқылы берілетіндігіне де назар аударады. Ал 
А. Ысқақов тілімізде көптік категориясы жəне көптік жалғау кате-
гориясы бар екендігін, бірақ бұларды бірдей категориялар ретінде 
қарауға болмайтындығын айтады. Соның ішінде көптік категориясы 
тым жалпы, көптік жалғау категориясы одан гөрі тым жалқы ұғым.
«Қазақ грамматикасында» сандылық категориясы көптік ка-
тегория деп аталып, оның тек көптік жалғаумен шектелмейтінін, 
көптік мағына грамматикалық жағынан жекелік мағынаға қарама-
қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір 
сүретінін атап көрсетеді. Мұндай қайшылықтар зерттеушілердің 
морфологиялық құбылыстарды түрліше түсініп, соның нəтижесінде 
өзіндік əртүрлі пайымдаулар жасауымен де байланысты болуы 
мүмкін. 
Ғалым Ы. Маманов қазақ тіліндегі көптік форма ұғымының 
көптік форма, көптік категория, сан-мөлшер категориясы делініп, əр 
еңбекте əртүрлі аталып, соған орай əртүрлі баяндалуын көптік фор-
ма туралы мəселенің толық шешілмегендігімен түсіндіреді. Соны-
мен қатар ғалым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет