54
Шырай категориясы – заттың бір түрлі сындық белгісінің
түрлі дəрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория.
Грамматикалық категорияның бұл түрі сапалық сын есімге тəн.
Мұндай тұжырым тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде
де қалыптасқан. Қазақ тілінде сын есім шырайларына қатысты
қарама-қайшы тұжырымдар бар. Ондай қарама-қайшылықтар мына-
дай жағдайларда көрініс табады: 1) шырай түрлері жəне саны, 2) шы-
рай жұрнақтарының қызметі. «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде
шырай категориясын сапалық сын есімге тəн грамматикалық ка-
тегория ретінде анықтап, мынадай түрлерге бөледі: 1) жай шырай,
2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шы-
рай. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) шырайдың төрт
түрін көрсетеді. Олар: салыстырмалы шырай, бəсең я шағын шырай,
күшейтпелі шырай жəне асырмалы-үдетпелі шырай. «Қазақ грамма-
тикасында» (2002) сапалық сын есім шырайларының тек екі түрін,
атап айтқанда, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырай түрлерін
көрсетеді. Қазақ тілі грамматикаларындағы шырай түрлерінің топ-
тастырылуы мен аталуы жағынан бірізділік жоқ. Мəселен, жай шы-
рай кейінгі грамматикаларда көрсетілмейді. Ал екінші еңбекте бəсең
я шағын шырай түрі көрсетілсе, соңғы грамматикада шырайдың тек
екі түрі ғана қамтылған.
Сапалық сын есімдердің шырай түрлері А. Байтұрсынұлы,
А. Ыс қақов, Н. Оралбай, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де түрліше
анықталады. Ғалым А. Байтұрсынұлы шырай категориясын сыр сы-
нына қатысты қарастырады. Ғалымның пікірінше, сыр сынында үш
шырай бар: 1) жай шырай, 2) талғаулы шырай, 3) таңдаулы шырай.
Анықтамасы, жасалу жолы жағынан талғаулы шырай салыстырмалы
шырайды, таңдаулы шырай күшейтпелі шырайды ауыстыра алады.
Нəрсенің сиқын артық-кем демей жай көрсететін шырайды жай шы-
рай деп атайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: