Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

67
Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. Хасенов Ə. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 1996.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. 
3. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1967.
4. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002.
5. Байтұрсынов А. Тіл – құрал. – Алматы, 2009.
6. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы, 2007.
7. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2. Сан есім жəне сандық ұғымды білдіретін сөздердің арақатынасы
3. Сан есімнің зат есіммен тіркесімділігі.
4. Сан есімнің сын есіммен ұқсастығы, ерекшелігі.
5. Сан есімнің зат есімнің грамматикалық категорияларымен 
байланысы.
6. Дара жəне күрделі сан есімдердің морфемалық құрамы, ерекшелігі.
7. Сан есімнің мағыналық топтары.
8. Сан есімнің қызметі. 
8. Есімдік
Есімдіктер сан жағынан аса көп болмағанымен, есім сөз 
таптарының орнына орынбасар сөз қызметінде жұмсалады. Бірақ 
есімдер тобына жатып, олардың орнына қолданылғанымен, есімдік-
тер есім сөздердің ешқайсысының нақты мағынасын білдірмейді. 
Есімдіктердің бұл ерекшелігі олардың сөйлемде қайталама түрінде 
қолданылуына ықпал етеді. Сөз таптарының ішінде есімдіктер өте 
ертеде пайда болған, оған, ең алдымен, есімдіктердің мағыналары-
ның тым жалпылама сипатта болуы, екіншіден, морфемалық 
құрамында көне тұлғалардың сақталып қалуы негіз болады. 
Есімдіктердің бір кездері грамматикалық көрсеткіштер қызметіне 
ауысқаны, ол көрсеткіштердің тілдің даму барысында тіл жүйесінде 
белгілі бір қосымшалар түрінде қалыптасуы оның сөз табы ретіндегі 
ерекшеліктерінің бірі болып танылады. Сөз табы ретінде есімдікке 
тəн жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды, олардың қалыптасу та-
рихы мен жүйесін анықтауға бағытталған алғашқы еңбек алтай 


68
тілдеріндегі есімдіктерді зерттеуші ғалым Кастреннің еңбегі болды. 
Есімдіктерді одан əрі зерттеу В. Шотт, Б. Мункачи (орал-алтай тілі), 
В. Радлов, Г. Рамстедт (монғол тіліндегі есімдіктер), В. Банг (түркі 
тілдеріндегі есімдіктер), т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасын 
тапты.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер тарихы, құрамы мен қалыптасу 
жүйесі, мағыналық сипаты жағынан Н. Сауранбаевтың (Есімдіктер), 
Ш. Сарыбаевтың (К вопросу о местоимении в казахском языке), 
Ə. Тө леуовтің (Қазақ тіліндегі есімдіктер), Ə. Ибатовтың еңбектерін-
де кеңінен қарастырылды.
Есімдіктердің мағыналары қаншалықты жалпылық сипатта 
болғанымен, олар қай сөз табының орнына қолданылса, сол сөз 
табының негізгі мағынасына сəйкес мағынамен ұштасады. Мағына-
лық сипаты мен сөз таптарының жалпы грамматикалық мағынала-
рына қатысына қарай есімдіктер қазақ тілінің грамматикалары мен 
жекелеген зерттеулерде түрліше топтастырылады. Атап айтқанда, 
қазақ тілі грамматикаларында есімдіктерді жалпылама зат атаулары 
мен жалпылама белгі атауларына қатысына қарай субстантивтік жəне 
атрибутивтік есімдіктер деп екі түрге бөліп қарастырады. Ғалым 
А. Ысқақовтың еңбегінде де есімдіктер заттық ұғымды білдіретін 
сөздердің орнына қолданылатын жəне заттың белгісін білдіретін 
сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер деп екі жікке бөлініп
заттық ұғымды білдіретін есімдіктер субстантивтік есімдіктер, 
ал заттың белгісін білдіретін есімдіктер атрибутивтік есімдіктер 
деп аталады. Мысалы: 
мен, сен, сіз, ол – заттық ұғымды білдіретін 
субстантивтік есімдіктер, 
бұл, сол, анау, мынау – заттың белгісін 
білдіретін атрибутивтік есімдіктер. Ал Н. Оралбай есімдіктерді 
заттық есімдіктер, белгі есімдіктері жəне сандық есімдіктер деп үш 
топқа бөледі. Бұлайша топтастыруда ғалым сөз таптарының зат, белгі 
жəне сандық ұғымдарға бірдей қатысты болатындығын ескереді. 
Есімдіктерді сөз таптарына қатысына қарай топтастыруда бұл пікірді 
құптауға болады. Егер есімдіктерді субстантивтік жəне атрибутивтік 
деген топтармен шектесек, олар өзі орнына қолданылатын сөз 
таптарының барлығын бірдей қамти алмаған болар еді. Тілдік де-
ректер мен тұжырымдарға сүйенсек, есімдіктер орынбасар сөз 
қызметінде зат есім мен сын есімдерден басқа сан есім, үстеулердің 
де орнына жұмсалады. Сондықтан есімдіктерді екі түрмен шектемей
оларды заттық есімдіктер, белгі есімдіктері жəне сандық есімдіктер 
деп бөлу тілдік тұрғыдан толық негізді. 


69
Сөз таптарына тəн негізгі қасиеттердің бірі олардың түрлену-
түрленбеуімен байланысты анықталады. Жалпы, есімдіктердің 
өзіне тəн арнайы грамматикалық категориялары болмаса да, олар 
түрленеді. Мұндай қасиетке ие болуы есімдіктердің орынбасарлық 
қызметіне байланысты. Нақтылай айтсақ, есімдіктер қай сөз 
табының орнына жұмсалса, сол сөз табының грамматикалық 
категорияларының көрсеткіштерімен белгілі бір парадигмалық 
түрлену жүйесіне түседі. Сондықтан есімдіктердің септелуі, 
көптелуі, тəуелденуі жəне жіктелуі олардың заттық ұғымдарға 
қатысымен, заттану құбылысымен анықталады. Ал, керісінше, белгі 
немесе сандық ұғымдарға қатысты болғанда, есімдіктер түрленбейді. 
Сондықтан есімдіктердің морфологиялық жағынан түрленуі неме-
се түрленбеуі олардың өзі орнына қолданылатын сөз таптарының 
грамматикалық сипатына байланысты болады. Есімдіктерді толық 
қамтитын морфологиялық тұлғалар болмағанымен, олардың 
кейбір топтары өзіне тəн морфологиялық түрлену жүйесімен 
ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктер есімдіктердің, əсіресе, септелу 
жəне көптелу жүйесімен сипатталады. Есімдіктер біркелкі жүйемен, 
заңдылықпен септелмейді, сондай-ақ септелу жүйесі барлық 
есімдіктерді қамтымайды. Олардың ішінде септік жалғауын мүлдем 
қабылдамайтын (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет