ғалымның пікірі, оның ойы, жақсының сөзі, т.б.
Ілік септігі жалғауының сөзге жалғанып я жалғанбай тұратын
жағдайлары да болады. Бұл қазақ тіл білімінде нөлдік форма
ұғымымен түсіндіріледі. Ілік септігінің мұндай қолданысы сөз
мағынасына айтарлықтай əсер етпегенмен, ілік септігі жалғауы
ашық қолданылғанда сөз мағынасы нақты, жасырын, яғни түсіріліп
қолданғанда жалпы сипатқа ие болады. Мысалы,
қаланың халқы,
қала халқы, күннің райы, күн райы, т.б.
Барыс септігі етістік сөзбен тікелей немесе жанама түрде бай-
ланысып, қимылдың, істің кімге, неге бағытталғанын білдіреді.
Бағыттық мағына барыс септігінің негізгі грамматикалық мағынасы
ретінде анықталғанымен, сөйлемде белгілі бір сөздермен лексика-
грамматикалық байланысына қарай барыс септігіндегі сөз одан өзге
қосымша грамматикалық мағыналарды да білдіреді. Олар: 1) іс-
əрекеттің, қимылдың барып тірелер, аяқталар жері:
кітапханаға
келді, мұражайға барды; 2) қимылдың, іс-əрекеттің бағыты: досына
қарады, сөзге құлақ асты; 3) қимылдың, іс-əрекеттің мақсаты: оқуға
46
кетті, айтарға сөз жоқ; 4) мөлшер, мезгіл мағынасы: бір сағатқа
сұранды, жарты жылға кетті т.б.
Табыс септігі қимылдың, іс-əрекеттің тура нысанын білдіріп,
сөйлемде сабақты етістікті меңгереді. Бұл септік жалғауы да,
ілік септігі сияқты, сөйлемде бірде ашық, бірде жасырын түрде
қолданылады. Жалғаусыз келген жағдайда табыс септігі сыртқы
тұлғасы жағынан атау септігіндегі сөзге сырттай ұқсас болады.
Ал одан ерекшелігі: табыс септігінсіз келген сөз қандай тұлғада
болмасын, үнемі сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура
толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы:
кітап оқыды, хат
жазды, досын көрді, анасын сағынды т.б.
Жатыс септігі грамматикалық мағынасы жағынан іс-əрекеттің,
қимылдың жүзеге асу уақытын, мезгілін, мекенін, көлемін білдіреді.
Мысалы:
тоғызда басталады, екі айда оралады, жұмысында жоқ,
т.б. Бірақ жатыс септігінің мағынасы үнемі тұрақты сипатта болмай-
ды. Барыс, шығыс, көмектес септіктер тəрізді, жатыс септігінің де
грамматикалық мағынасы түбір сөздің семантикасы мен контекстегі
қолданысына қарай өзгеріп отырады. Мысалы,
жазда, түнде, екіде
сөздерінде түбір сөздің семантикасына сəйкес мезгілдік мағынаны
білдірсе,
ауылда, қалада сөздерінде мекендік мағынаны білдіреді.
Шығыс септігі іс-əрекеттің, қимылдың бастапқы орнын,
себебін, өлшем-мөлшерін, т.б. мағыналарын білдіреді. «Қазақ
тілінің грамматикасында» (1967) аталған септік жалғауының мы-
надай мағыналарын көрсетеді: 1) іс-əрекеттің, қимылдың қандай
объектінің төңірегінде, маңында өткендігін білдіреді: м
аңдайынан
сипады, бетінен сүйді, т.б.; 2) істің, қимылдың себебін білдіреді:
суықтан тоңды, айқайдан зəресі ұшты, т.б.; 3) сындық мағынадағы
сөздермен грамматикалық қатынаста салыстыру мəнін білдіреді:
балдан тəтті, бетегеден биік, т.б.; 4) белгілі бір бөлшегі, үлесі
алынатын затты білдіреді:
астан ауыз тиді, т.б.; 5) нəрсенің,
заттың тегін, неден істелгендігін білдіреді:
барқыттан тігілген
т.б.; 6) сөздің негізгі лексикалық мағынасына қарай өлшем, мөлшер
мағынасын білдіреді:
жеті айдан асты, бес келіден алды, т.б.; 7)
іс-қимылдың мекенін білдіреді:
көлден тартты, т.б.; 8) объекті
мен істің, қимылдың арасындағы түрлі грамматикалық қатынасты
білдіреді:
сөзінен жаңылды, малынан айрылды, т.б. Бұл топтасты-
рудан шығыс септігінің етістіктермен ғана емес, сондай-ақ есім
сөздермен де грамматикалық байланыста боатындығын анықтауға
болады. Шығыс септігінің мағыналық сипатындағы тағы бір
47
ерекшелігі, жатыс септігі тəрізді, өзі жалғанатын сөздің семантика-
сына байланысты мағынаны да білдіреді. Оған жоғарыда келтірілген
өлшем, мөлшер мағынасы дəлел бола алады.
Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінде жеке септік жалғауы
ретінде танылмайтын, қазақ тіліндегі септіктер жүйесінде кейіннен
қалыптасқан септік жалғауы – көмектес септігі. Қазақ тілін басқа
түркі тілдерінен ерекшелендіретін бір белгі – көмектес септігінің
дербес септік ретінде танылуы. Көмектес септігінің грамматикалық
көрсеткіштері (
Достарыңызбен бөлісу: |