Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі: 
1. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. – Алматы, 1975.
2.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. 
3.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999. 
4.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
5.
Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы, 1982. 
6.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. 
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
8.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Еліктеу сөздердің сөз табы ретінде қалыптасуы.
2. Еліктеу сөздердің семантикалық жəне морфологиялық ерекшелігі.
3. Еліктеуіш сөздер, мағынасы, дыбыстық-морфологиялық құрамы, 
қолданысы.
4. Бейнелеуіш сөздер, мағынасы, дыбыстық-морфологиялық құрамы, 
қолданысы.
5. Жалаң жəне күрделі еліктеу сөздер, ерекшелігі.
6. Еліктеу сөздердің қызметі.
13. Шылау
Толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша 
грамматикалық мағына үстейтін, лексика-грамматикалық сипа-
ты атауыш сөздермен тіркескен жағдайда анықталатын, дербес 
қолданылмайтын көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылау сөздер 
басқа сөз таптарынан мынадай белгілері арқылы ерекшеленеді: 
1) толық лексикалық мағынасының болмауы, 2) дербес, контек-
стен тыс қолданылмауы, 3) контексте атауыш сөздердің шылауын-
да, жетегінде тұруы, 4) атауыш сөздерге қосымша грамматикалық 
мағына үстеуі, 5) сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланысты-
руы, 6) сөйлем мүшесі қызметін атқармауы, 7) түрленбеуі. 


108
Шылаулар – грамматикалық мағыналы сөздер. Шылаулардың 
грамматикалық мағыналары олардың лексикалық мағыналарының 
грамматикалық қалыпқа көшуімен айқындалады. Соның негізінде 
шылаулар сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстыра-
тын жəне өздері тіркескен сөздеріне əртүрлі грамматикалық мағына 
үстей алатын қызметке ие болуымен ерекшеленеді. 
Шылау сөздердің бірқатары сөз бен сөздің арасындағы грам-
матикалық байланысты, енді бір тобы сөз тіркесі мен сөйлем 
арасындағы байланысты, ал келесі тобы белгілі бір сөздің 
грамматикалық мағынасын айқындау үшін қолданылады. 
Грамматикалық сипатындағы осындай ерекшеліктері жалпы шылау 
сөзінің қолданысында, оларды іштей топтастыруда қарама-қайшы 
пікірлердің тууына негіз болды.
Мəселен «Тіл – құралында» А. Байтұрсынов сөздерді атауыш 
жəне шылау сөздер деп екі топқа бөліп, шылау сөздерге үстеу, де-
меу, жалғаулықты жатқызады. Ғалым шылау ұғымын дербес сөз 
табы емес, белгілі бір сөздер тобының атауы ретінде қолданады. Ал 
Қ. Жұбанов қазақ тіліндегі барлық сөздерді түп мүше (түбір) жəне 
жамау мүше (шылау) тəрізді екі үлкен топқа бөліп алып, шылаулар-
ды «екінші түрлі сөз мүшелері түбіршілеп, өздігінен пайдаға аса ал-
майды, тек түбірге жамалып, жалғанып қана, түбірдің шылауында 
тұрып қана белгілі мағына шығара алады» деп анықтайды. Одан əрі 
ғалым шылауларды қосалқы жəне қосымша, қосымшалардың өзін 
іштей жалғау жəне үстеу, ал қосалқыларды жалғауыш жəне үстеуіш 
деп бөледі. Ғалымның топтастыруындағы «өзін ерткен сөзді басқа 
бір сөзбен жалғастыратын» жалғауыш қосалқылары жалғаулық жəне 
септеулік шылаулар болса, «өзін ерткен сөзге тек мағына үстеп қана 
қоятын» үстеуіш қосалқылар демеулік шылауларға сəйкес келеді. 
Шылау сөздердің аталуымен қатар оларды мағыналық жағынан 
топтастыруда да қарама-қайшы пікірлер болды. Мəселен, М. Ба-
лақаев алғашқыда қазақ тіліндегі шылау сөздерді төмендегідей 
бес топқа бөледі: 1) күшейткіш үстеуліктер (
тап, өте, аса, тым);
2) болымсыздық үстеуліктер (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет