132
үйлер көтеріскен. Күздің бұлыңғыр күндегі кеші мезгілді анық бол-
жатпайды (М. Əуезов). Жар қабағы түйіле түсіп, тұнжырап отыр.
Үйге келген соң да томаға тұйық кейіпте ой шырмауынан арылма-
ды. Алдымен Мұсатайдың сөзін есіне түсірді. Бірақ толып жатқан
цифрлардың бірі жадында қалмапты. Елестете алмады. Арада тағы
бір жұма өткенде Сарыбұйраттағы ауыл үстіне қара-құра көбейе ба-
стады. Бұл тірлігін тайдың тулағаны құрлы сезінген бір пенде бол-
са бұйырмасын. Шамалы жер жүргені сол еді, бір уақытта артында
қалған екі жігіттің қатты күлген дауысы естілді. Айекең бұл тосын
күлкіге елең еткенмен, мойын бұрып қараған жоқ. Сібірдің мол суын
қай жермен тарту керек, қалай тарту керектігі туралы он шақты
ұсыныс жасалды (А. Сейдімбек).
2. Есімше, көсемше тұлғалы етістіктер мен қимыл есімдерін та уып,
мағынасы мен қызметін, тұлғалық ерекшеліктерінанықтаңыздар.
Бес қасқаның төртеуі төмен қарап томсарып, түк естімегендей
жым-жырт отыр. Сол кезде Құнанбайдың Құлыншақ аулынан
атақты «бөрте атты» сұратқаны тап болды. Қасына бес жігіт қосып,
қалталарына қалыңдап ақша салды. Əлденеше күн сүйінші тілесіп
шапқыласқан жақындар топ-топ болып Құнанбайға келеді. Уықтың
қарына шейін жағалай тұтылған ылғи су жаңа жібек кілем (М. Əуе-
зов). – Бұл каналдың арнасын өзгерту енді ешкімнің де қолынан
келмейді. Олай дейтінім, осы канал құрылысының жобасын жасау
үшін ондағы ғалымдар талай жылдарын сарп етті. Ақыры мұқият
сарапқа салына келе, ең қолайлысы деп осы қазып келе жатқан
жеріміз таңдалды. Сондықтан бұл жобаның өзгеруі мүмкін емес,
бұл жобадан қылдай ауытқуға хақымыз жоқ. Таң алдында Айтуған
ақсақал канал басынан көріп қайтқандарын есіне алды. Айтуған
ақсақал бір тостаған қымызды тастап алып, атқа мінгенде таң жаңа
сызат беріп келе жатқан. Сол бетінде қалың қыртыс сары адырлар-
мен төтелей жүріп, атының маңдайын Тұзды қаласының іргесіндегі
теңізге бұрып еді (А. Сейдімбек).
Достарыңызбен бөлісу: