Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
14. Одағай сөздер
1. Сөйлемдерден одағай сөздерді тауып, мағынасы мен 
қызметіндегі ерекшелігін, тыныс белгілерінің қойылу себебін 
түсіндіріңіздер. 
- Шіркін, Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен 
нұрың бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несіне 
тудың екен?- деді. – Өй, өзің əкеңе шыныңды айтсаң, мұндай 
қуанбас ең. Өтірік деген рақат екен-ау өзі, ə!.. Мəзсің ғой! - деп, 
Абай күлген бойында тебініп жүре берді. – Қап, сорлы қылған тəңір-
ай, не қара басып еді?! – деді. – Əттең, Абай-ай, кеше əкең болыс бол 
дегенде болмаймын деп, бас тартқаныңды қайтейін?! Тым құрыса, 
елге жаның ашыр еді, - деді (М.Əуезов). О, шіркін, ақылға сыймас, 
ақылға құлаш ұрғызған тəтті тіршілік-ай десейші! Сонсоң да «Ой, 
тəйірі-ай, қан шығарғанға мəз болған аңшыны аңшы демей-ақ қой!» 
деп отыратын. – Уай, мұнан артық не істейін деп едің-ей сен, аһ! Ой, 
дүние-ай десейші, сол сапар Алтыбай ауылынан оралған Абзалдың 
жан дүниесіндегі өзгеріс əлі есімде. Хош, сонымен Абзал Ақбілекті 
алып қашты. – Бəсе, дəп өзі! – деді Тұрсын жұлдыздай ағып келе 
жатқан ақбозды көргенде. - Жə, енді жалтақтайтын ештеңе жоқ
көре жатармыз, - деді. Кешікпей-ақ сықырлауықтың қос беті бірдей 
ашылды да: - Ассалаумағалейкүм! – деп Наймантайлар кіріп келді. 
– Бəрекелді, Аққыз, аттың жалы, түйенің қомы өзіңдей аяулы заман-
даспен жолығысар жер ме еді! – Беу, айналайын Аққыз-ай, қисыны 
келсе, құдайдың өзіне қыр көрсетуден тайынбас-ау! – деп, Аламан 
кеңк-кеңк күліп алды (А. Сейдімбек).


138
2. Одағайларды қатыстырып сөйлем құрап, олардың бір 
мағыналылық жəне көпмағыналылық сипатын, сөйлемдегі 
интонациялық жəне грамматикалық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.
Шіркін, алақай, қап, құп, əттең, ойбай, пəлі, тек, жə, пай-пай, 
бəрекелді, ойпырмай, ə, мəссаған, сап-сап, əлди-əлди, шөре-шөре.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет