155
сан және үлкен жіліншік сүйектің проксимальды немесе дистальды
бөліктері
зақымдалады.
Остеомиолит
ошағы
түтікшелі
сүйектің
метафизінде және эпифизінде орналасады (1 жасқа дейінгі балаларда), жиі
процесстерге буындар зақымдалуы қосылады. Туберкулезді остеомиелит
ұзын
түтікшелі
сүйектердің
эпифиз/метафизінде
немесе
омыртқа
жотасында дамиды, бұл кезде қабыну және
ауырсыну синдром белгілері
айқын емес.
Перистит (сүйекүсті қабатының қабынуы) жергілікті қалыңдауымен,
беткейінің бұдыр болуымен және сүйек ауырсынуымен көрінеді. Сүйектің
туберкулездік,
сифилистік
немесе
ісіктік
зақымдануларында,
ревматикалық ауруларда туындайды.
СҮЙЕКТІҢ СЫНУЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ТАЮЫ
Балаларда сүйек сынуы бойдың максимальды созылу кезінде жиі
туындайды.
Ауырсыну, сүйек ісінуі және деформациясы (сынықтар
ығысуында), сынған жерде крепитация және қанқұйылу, сирақтардың
қысқаруы және оның қызметінің бұзылысы пайда болады.
Ерте жастағы
балаларда сүйек үсті сынулар және сүйекүсті бүтіндігінің сақталуымен
кортикальды заттың бүтіндігінің бұзылуымен «жасыл бұтақ» типті
сынулар сирек емес.
Жартылай таюлар екі жастан төрт
жасқа дейінгі балаларда жиі
болады. Созылған қолды кенеттен тартқан кезде буынның құрылымының
толық жетілмеу әсерінен шыңтақтың немесе иық сүйектің бастарының
жартылай таюы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: