Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет111/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   315
Бұлшықет 
күші.
Бұлшықеттің активті қарсыласуын жеңуге 
жұмсалған күш дәрежесі бойынша бұлшық ет күшін бағалайды. Ерте 
жастағы балаларда қолына қысып ұстаған ойыншығын алып қоюға 
тырысады. Ересек балалардан бүгілген қолдың жазуға, көтерілген аяқтың 
төмен түсіруге қарсыластығын көрсетуі арқылы зерттейді (сурет 6-34). 
Жанама бұлшықет күшін баланың отырып-тұруы, баспалдақтан 
көтеріліп және түсуі, еденнен немесе төсектен тұруы, киіну және шешіну 
және т.б. қимыл-қозғалыстар арқылы бағалауға болады. Бұлшықет күші 
жас ұлғайған сайын артады. Әдетте, жетекші қол күштірек; ұл балаларда 


164 
бұлшықет күші қыздарға қарағанда көбірек. Объективті бұлшықет күшін 
динамометр (қолдық және стан орынды) көрсеткіштері бойынша 
бағалайды. 
Лабораторлы және инструменталды зерттеулер 
Бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде қанның биохимиялық 
көрсеткіштері (креатинфосфокиназа белсенділгін, лактатдегидрогеназа 
бұлшықеттік фракциясын, трансаминаза, қан мен зәрдегі креатин мен 
аминқышқылдарының концентрациясы, қан мен зәрдегі миоглобин 
мөлшері) зерттеледі, аутоантиденелер болуын анықталады. Диагнозды 
нақты қою үшін генетикалық және морфологиялық зерттеулер жүргізіледі 
(бұлшықет биопсиясы).
Инструменталды әдістердің ішінде бұлшықет күшіннің төмендеуінің 
себебін анықтау үшін клиникалық тәжірибеде ең жиі электромиография 
қолданылады – бұлшықеттің биоэлектрлік белсенділігін тіркеу әдісі, 
бұлшықет біріншілік патологияны жүйке жүйесінің аурулары кезіндегі 
бұлшық ет зақымдалуынан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұлшықет 
қозғыштығын 
хронаксиметр, 
бұлшықеттік 
жұмысқа 
қабілеттілігін 
эргография және эргометр арқылы анықтайды. 
Бұлшықет жүйесінің зақымдалуының семиотикасы 
(бұлшықет зақымдалуының негізгі синдромдары) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет