Оқулық «гэотар-медиа»


ТЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет121/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ТЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
 
Тыныс ағзаларың зерттеу әдістеріне жатады: 
- анамнез жинау; 
- қарау; 
- пальпация; 
- перкуссия; 
- аускультация; 
- лабораторлық және инструменталдық зерттеу. 


178 
Анамнез
Анамнез жинағанда аурудың шағымын, оның пайда болған уақытын 
және сыртқы факторлармен байланысын анықтайды. 
Ең жиі шағымдар: 

Мұрын тынысының қиындауы. 

Мұрыннан бөліністер пайда болуы (серозды, кілегейлі, кілегейлі -
іріңді, қанаралас, қанды). 

Жөтел (құрғақ немесе ылғалды). Жөтелдің пайда болу уақытын 
немесе жөтелдің удеуін және оның қандайда бір өршітетін 
факторлармен байланысын анықтау қажет. Жөтел құсумен бірге 
жүруы мүмкін. 
-
Құрғақ жөтел үрмелі не ұстамалы болуы мүмкін. 
-
Ылғалды жөтел өнімді (қақырық шығумен) және өнімсіз 
(балалардың қақырығын жұтып қоюын есте сақтау керек) болады.
-
Қақырық түскенде оның сипатына және көлеміне көңіл аударады 
(кілейгелі, кілейгелі-іріңді, іріңді). 

Көкірек 
тұсының 
ауырсынуы 
(ауырсынудың 
тыныстанумен 
байланысын анықтайды).
Сұрастырғанда бала бұрын тыныс жолдарының ауруларымен ауырған 
ба, жедел инфекциялық аурумен ауыратын адаммен қарым-қатынаста 
болған ба, туберкулезбен ауыратын адаммен қарым-қатынасы болған ба 
деген сұрақтар қойылады. Баланың аллергологиялық және жанұялық 
анамнезін жинау маңызды. 
 
Физикальдық зерттеу 
Баланың зерттеуің жалпы қараудан, есінің жағдайын бағалаудан және 
баланың қозғалыс белсенділігін аңықтаудан бастайды. Онан соң баланың 
төсектегі мәжбүрлігіне, терісінің және шырышты қабаттарының түсіне 
(мысалы, боздығына не цианозға) көңіл аударады. 

Баланың бетін қарағанда, мұрын тынысының сақталғанына, 
тістестіруіне, ісінудің бар не жоғына, мұрыннан не ауызынан 
бөлінулердің бар не жоғына көңіл аударады. 
• Мұрын қуысын қарау. Егер мұрын кіреберісі бөліндімен немесе 
қабыршақпен бітеліп тұрса, оны мақта тампонымен алып тастау керек. 
Мұрын қуысые абайлап қарау керек, себебі балалардың шырышты 
қабаты нәзік және қан тамырларына бай болғандықтан, онай 
қансырауы мүмкін. 
• Баланың дауыс, айғай және жылау ерекшеліутері жоғарғы тыныс 
жолдарының жағдайын анықтауға көмектеседі. Әдетте дені сау бала 
туысымен өкпесін жазатын, алғашқы терең тыныс алады және қатты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет