172
негізгі функциясы - сыртқы тыныс. Мұрын жолдары, мұрынжұтқыншақ,
көмей, трахея, бронхтар және бронхиолалар
жолымен ауа өкпенің
респираторлық бөлігіне түседі. Альвеолаларда газ алмасуы жүреді, ал
қанайналым жүйесі жасушаларға оттегін тасиды, осы жерде тіндік тыныс
жүреді.
Мұрын іші және мұрын-маңы қуыстар
Мұрын құрылымының функциясы:
- ауаны жылыту;
- ауаны бөгде қоспалардан тазарту;
- қорғаныс (шырышты қабатта секреторлық IgA-ның болуы).
Кесте 7-1.
Тыныс жүйесінің анатомды-физиологиялық ерекшеліктері
Анатомиялық
құрылым
Анатомды-физиологиялық
ерекшелігі
Клиникалық
салдарлардың болуы
мүмкіндігі
Мұрын
Мұрын
жолдарының тарлығы, мұрын
кеуілжірінің қалыңдығы, мұрынңың
төменгі жолдары 4
жасқа қарай
қалыптасады. Шырышты қабаты нәзік,
қан тамырға бай. Кавернозды (үңгірлі)
тіні дамымаған, 8-9 жасқа қарай
қалыптасады
Аздаған
ісіну мұрынмен
дем
алуды
күрт
қиындатады, сондықтан
баланың емуі қиындайды
Мұрын-маңы
қуыстары
Туу кезеңіне қарай дамуы жеткіліксіз.
Жоғарғы жақ (гайморов), этмоидальды
(торлы) және сына тәрізді қуыстар
қалыптасқан,
бірақ көлемдері өте
кішкентай.
Маңдай
қуысы
жоқ.
Қуыстардың толық қалыптасуы – 15
жасқа қарай
Ерте
жастағы балаларда
синуситтер
сирек
кездеседі
Жұтқыншақ
Жаңа туған баланың жұтқыншығы тар.
Лимфоидтық сақинасы әлсіз дамыған.
Бір жастан кейін бадамша безі
доғадан
шығыңқы,
оның
ұңғылы
(крипталар) әлсіз дамыған
Ерте жастағы балаларда
ангина сирек кездеседі.
Ерте жастағы балаларда
мұрын-жұтқыншақ
лимфоидты тінінің өсуі
(аденоидтер)
жиі
байқалады,
ол
мұрын
тынысын
қиындатады.
"Аденоидты бет әлпет"
қалыптасуы
мүмкін:
үнемі
аузы
ашық,
мұрынмен тыныстануы
жойылады, беті ісіңкі,
ұйқы кезінде қорылдау
Достарыңызбен бөлісу: