Оқулық «гэотар-медиа»


  1-7 кесте. Нәрестенің негізгі физиологиялық көрсеткіштері  Көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет13/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315
19 
1-7 кесте. Нәрестенің негізгі физиологиялық көрсеткіштері 
Көрсеткіші 
Саны 
Тыныс 
алу 
жиілігі 
(ТАЖ) 
40 минутына
Жүрек 
жиырылу 
жиілігі (ЖЖЖ) 
140-160 минутына
Зәр шығару жиілігі 
20-25 рет тәулігіне 
Нәжіс жиілігі 
3-5 рет тәулігіне 
Ұйқы
Тәулігіне 18 сағат 
Нәресте организмінің маңызды физиологиялық көрсеткіштері (1-9 
сур.) 1-7 кестеде берілген. 
Неонатальді кезеңдегі аурулар алдымен, құрсақішілік және туу 
кезінде әсер еткен жағымсыз факторларға байланысты. Осы кезеңде даму 
ақаулары, тұқым қуалаушы аурулар, ана мен ұрықтың эритроциттерінің
антигендік үйлесіздігінен туындайтын аурулар (резус Rh) немесе топтық 
(АВО) үйлесімсіздігі бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы (НГА), 
гипоксиялық, жарақаттық не инфекциялық генезді ОЖЖ перинатальді 
зақымдалуы, құрсақішілік не туу кезінде инфекциялану әсері анықталады. 
Құрсақішілік 
инфекциялар 
ішінде 
жиі 
байқалатын: 
цитомегаловирусты, герпестикалық, парвовирусты В19 инфекциясы
қызамық, токсоплазмоз, вирусты гепатит В. Өмірінің алғашқы күндері 
ірінді-септикалық аурулар (мысалы, пиодермия), тыныс жолдарының және 
ішектің және ішектің бактериалды және вирусты зақымдалуы болуы 
мүмкін. 
Тыныс 
жолдарының 
микоплазмамен, 
хламидиямен 
колонизациялануы пневмония, обструктивтік көріністер дамуына әкеледі. 
Инфекцияға бейімділігі нәрестелердің секреторлық IgA болмауынан және 
IgM классы антиденелері көлемінің аздығымен негізделеді (1-10сурет).
 
Сәби кезеңі (29-шы тәуліктен өмірінің 1-ші жылының аяғына дейін) 
Құрсақтантыс өмірге бейімделудің негізгі үрдістері аяқталып, қарқынды 
физикалық, моторлық және психикалық даму басталады (1-11, 1-12 сурет). 
Осы кезде анатомиялық құрылыс жетілмегендігі, тыныс аппаратының 
және асқазан –ішек жүйесінің функцияналдық шектелуі сақталуына 
қарамастан заталмасу үрдісінің белсенділігі өте жоғары. Баланың сәби 
кезеңінің сипаттамасы 1-8 кестеде берілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет