Сурет. 1-13
. 3 жастағы бала
23
Басқа балалармен қарым-қатынасы жиілегендіктен ЖРВИ, жедел ішек
инфекциялары, сондай-ақ жедел балалар инфекциялары - көк жөтел,
қызамық, желшешек, қызылша, жәншау, жиі патология болуы мүмкін.
Мектеп алды кезеңі (3-7 жас)
Мектеп алды кезеңнің негізгі сипаттамасы төмендегідей (сурет 1-14).
Қоршаған ортамен баланың қарым-қатынасы кеңейеді.
Дене салмағының қосылуы баяулайды.
Баланың бірінші физиологиялық ұзаруы.
5-6 жасында сүт тістерінің тұрақты тіске ауысуы.
Тамақтануы ересек адамдардарға сәйкес.
Зейін көлемі қарқынды дамиды
Эндокриндік жүйенің әртүрлі тізбегінің ретті белсенденуі. Бұл
кезеңде басты рөлді қалқанша безі гормондары (максимальды
белсенділік 5 жаста байқалған) және соматотропты гормон (СТГ)
атқарады.
Иммундық қорғаныс жеткілікті
дәрежеде жетіледі. Осы кезде балалар
балабақшаға барады, ақыл-парасаты
қарқынды дамиды, қозғалыс және
еңбек дағдылары күрделенеді, икемді
координациялық қозғалыстар пайда
болады. 5 жасына қарай балалар ана
тілінде дұрыс сөйлейді, тақпақтарды
есінде сақтайды, ертектерді қайталап
айтып береді. Ер балалар мен қыздар
мінез-құлқында, әуестенулерінде және
ойындарында
ерекшелік
пайда
болады.
Эмоционалды
көріністері
ұстамды болады. Өмірінің алғашқы
жылдарында
әр
балада
бірқатар
мәселелер болады (1-9 кесте). Бұл
кезеңнің аяғында балалар мектепке
баруға дайындалады.
Сурет. 1-14
. 5 жастағы ұл мен
қыз.
|