195
Сурет 7-34.
Саусақтың «барабан таяқшысы» және «сағат шынысы»
тәріздес деформациясы (сұлбасы)
Беткейлі капиллярлар торының кеңеюі
Арқа және көкірек терісінің беткейлі капиллярлар торының кеңеюі
(Франк симптомы) трахеобронхиалдық лимфа түйіндерінің ұлғайғандығын
білдіруі мүмкін. Көкірек терісіндегі
айқын тамыр торы кейде өкпе
артериясының гипертензия симптомы болып табылады.
Науқастың бетін қарауы маңызды диагностикалық мәлімет алуға
мүмкіндік береді.
• Бозғылттық және бетінің ісінділігі, ауызының сәл ашық болуы,
тістестірудің дұрыс болмауы мектепалды
және мектеп жасындағы
балаларда аденоид кезінде кездеседі.
• Бетінің бозғылттығы және ісінуі, оның ішінде қабақтың (лимфа
ағысының бұзылысынан), ерін цианозы, тері веналарының ісінуі,
конъюнктиваға және тері астына қансырауы – жиі немесе ұзақ жөтелу
белгілері (көк жөтелде, өкпенің
созылмалы бейспецификалық
аурулары).
• Сәбилерде (2-3 айына дейін) бронхиолит және пневмония кезіндегі
қабыну экссудатының төменгі тыныс жолдарынан ауызға түсуінен
ауыз бұрышында көпіршікті бөліністердің пайда болуы байқалады.
• Мұрын және мұрын қуысын қарауға аса көңіл бөлу керек.
- Мұрын қанатының керілуі (сәбилерде көмекші бұлшық еттердің
тыныс алу актісіне қатысудың эквиваленті болып табылады) тыныс
жетімсіздігін
көрсетеді.
Қалыпты
«сағат шынысы»
«барабан таяқшасы»
196
- Мұрыннан мөлдір кілегейлі бөлінділері тыныс жолдарының
шырышты қабаттының жедел қабынуында (мысалы,
жедел ринит
немесе гриппте) және аллергиялық ринитте анықталады.
- Шырышты-іріңді қан араласқан (жалқаяқ бөліністер) бөлінді
дифтерияға немесе мерезге тән.
-
Мұрын
пердесінде
лайлы-сұр
қабыршақтың
болуы
бактериологиялық зерттеусіз де дифтерия диагнозын қоюға
мүмкіндік береді.
- Мұрынның бір жақ танауынан қанды бөліндістері бөгде зат түскен
кезде пайда болады (сүйектер, дәндер, түймелер және т.б.).
- Ауыз арқылы тыныс алу, әсіресе түнде, аденоидтарға тән. Бұл
кезде балада ұйқы кезінде қорылдау тән.
Достарыңызбен бөлісу: