Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет126/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
Аускультация 
Аускультация кезінде баланың қалпы перкуссия кезіндегідей болады 
(сурет 7-16). Екі өкпенің симметриялық аймақтары тыңдалады. Қалыпты
Сурет 7-16
. Өкпе аускультациясы: а – алдынан, б – артынан 


187 
жағдайда 3-6 ай аралығында әлсіздеу везикулярлы тыныс естіледі, 6 айдан 
5-7 жасқа дейін - пуэрильды (тыныс шуы тыныс алудың екі кезеңінде де 
қатқыл және ұзақ) (сурет 7-17). 
Пуэрильды тынысты негіздейтін балалардың тыныс алу ағзалары 
құрылымының ерекшеліктері төменде көрсетілген.

Көкіректің кіші көлемді болуынан дауыс саңылауынан аускультация 
жүргізілген аймаққа дейінгі арақашықтығы қысқарады, сол себепті 
көмей шуларын ішінара естуге болады. 

Бронхтар саңылауының тарлығы. 

Көкіректің жоғары серпіліділігі және қабырғалардың жұқалығы, 
оның вибрациясын күшейтеді. 

Интерстициалды тін жақсы дамығандықтан өкпенің ауалылығы
төмендейді. 
7 жастан соң балалардың тынысы біртіндеп везикулярлыға ауысады. 
Бронхофония - дыбыс толқынының бронхтардан көкірекке берілуін 
аускультациялау. Бала сыбырлап «ш» не «ч» дыбыстары бар сөздерді 
айтады (мысалы, «чашку чая»). Бронхофония міндетті түрде өкпелердің 
симметриялы аймақтарында тексеріледі. 
 
ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
Рентгенологиялық және радиологиялық әдістер 
Балалардың тыныс ағзаларын зерттеу үшін, көбіне көкірек қуысының 
ағзаларының 
рентгенографиясы 
(сурет 
7-18-7-21), 
компьютерлік 
томография, мұрын қуыстарының рентгенографиясы (сурет 7-22-7-25), 
өкпенің қанайналымының жағдайын бағалау үшін өкпе артериографиясын 
және/немесе аортографиясын (сурет 7-26), өкпені радиоизопты сканирлеу 
жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет