Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет138/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Сырылдар 
Өкпеде патологиялық үрдістер әртүрлі сырылдармен жүреді. 
Сырылдар тыныс алудың шыңында жақсы естіледі. 

Құрғақ сырылдар ысқырықты (дискантты, жоғары) және жуан 
дауысты (төмен, әуенді) болады. Алғашқысы бронхтардың, әсіресе 
ұсақ бронхтардың тарылуынан пайда болады; ал екіншісі, ірі 
бронхтарда қою қақырықтардың қозғалуынан туындайды. Құрғақ 
сырыл 
тұрақсыздығымен 
және 
өзгергіштігімен 
ерекшеленеді, 
ларингитке, фарингитке, бронхитке, демікпеге тән. 

Ылғалды сырыл ауаның сұйықтықтан өткенде пайда болады. 
Бронхтардың калибіріне қарай, пайда болған жерінде, сырылдар ұсақ 
көпіршікті, ортакөпіршікті және ірікөпіршікті болады. Ылғалды 
сырыл сыңғырлаған және сыңғырлаған емес болады. 
- Сыңғырлаған ылғалды сырылдар бронхпен іргелес жатқан өкпе 
тінінің тығыздалуында (мысалы, пневмонияда) естіледі. Олар 
қуыстарда пайда болуы мүмкін (каверна, бронхоэктаз). 
- Сыңғырлаған емес сырылдар бронхиолитте, бронхитте, өкпе 
ісінуінде, ателектазда естіледі. 


206 
Крепитация 
Сырылдардан айырмашылығы жабысқан альвеоланың ашылуынан 
пайда болады. Локальды істелетін крепитация пневмонияны дәлелдейді. 
Крупозды пневмонияда 
crepitatio indux
(аурудың алғашқы 1-3 күнінде 
естілетін бастапқы крепитация) және 
crepitatio redux
(пневмонияның 
жазылу кезіңінде және экссудат сорылғанда – аурудың 7-10-шы күнінде) 
ерекшеленеді. 
Плевра үйкеліс шуы 
Висцеральды және париетальды қабаттардың үйкелісінде, төменгі
патологиялық жағдайларда естіледі: 
-
фибринді жамылғымен немесе ошақты инфильтрациямен жүретін, 
плевраның тегістігін бұзатын, бұдырлануын тудыратын плевра 
қабынуы; 
-
қабыну себебінен плевраның нәзік жабысуының қалыптасуы; 
-
плевраның ісігі немесе туберкулезі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет