231
Жүрекішілік шуылдарды әдетте екі топқа бөлінеді: органикалық
(жүрек іргесінің, тесіктерінің немесе қақпақшаларының анатомиялық
өзгерісімен байланысты) және функциональды, оларды дені сау
балалардағы жүрек қызметінің үндік ерекшеліктерінің көрінісі деп
есептейді, сонымен қатар жүрек бұлшықеттерінің жұмысы бұзылысында,
гемодинамика
өзгерісінде
(жүрек
құрылымының
бұзылысымен
байланыссыз), басқа ағзалар мен жүйелердің патологиясында (мысалы,
анемияда) байқалады.
П.С. Мощич және басқа авторлардың заманауи классификациясына
сәйкес балалардағы шуылдарды 4 топқа бөлуді ұсынған:
- органикалық (жүрек қабаттарының және ірі тамырлардың
органикалық зақымдалуынан туындаған);
- орган-функциональды (басқа ағзалар мен жүйелердің аурулары
кезінде жүрек функциясының бұзылысы туындағанда);
- функциональді (жүректен тыс аурулары кезінде жүрек қызметінің
бұзылысы туындағанда);
- физиологиялық (жүрек-тамыр жүйесінің анатомды-физиологиялық
ерекшеліктерімен негізделетін дені сау ағзадағы жүректің саулығында
естілетін «жазықсыз» шуылдар).
Шуыл естілген кезде оның параметрін анықтау қажет (кесте 8-8).
Берілген параметрлерді бағалау шуылдың функционалды немесе
органикалық екенін анықтауға, оның пайда болу себебін болжауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: