230
2 жастан 12 жасқа дейін ІІ тон сол жақ екінші қабырға аралығында,
оң жаққа қарағанда жақсы естіледі, яғни өкпе артериясы үстінде ІІ
тонның физиологиялық акценті бар.
12 жаста тондардың үнділігі теңеседі, келешекте ІІ тон әдетте оң
жақта жақсы естіледі (қолқа үстінен).
Үлкендерде жүрек ұшында І тон жақсы естіледі, ал жүрек негізінде
(қолқа және өкпе артериясы қақпақшалары үстінен) – ІІ тон.
Кейде аускультациясы кезінде жүрек тондары екі үнді болуын
естиміз, бұл негізгі тондардың екіге бөлшектену немесе бөліну деп
бағаланады.
Бөліну
деп қысқа тондардың арасында нақты үзіліс естілетін кездегі
тонның бөлінуін айтамыз.
Бөлшектену
деп тондар екіге бөлігінгенімен арасындағы үзіліс нақты
естілмейтін кездегі тонның бөлінуін айтамыз. І тонның минимальді
бөлшектенуі дені сау балаларда болуы мүмкін (терең демалғанда, жүректің
оң бөліктері қанмен толғанда айқынырақ естіледі); ІІ тонның минимальді
бөлшектенуі ІІ-ІІІ нүктелерден терең тыныс алудың шыңында естіледі,
себебі жүректің оң бөліктері қанмен толуына байланысты өкпе артериясы
қақпақшасының жабылуы тежеледі.
Кейбір балаларда қосымша тондарды естуге болады. ІІ тоннан кейін,
диастоланың басында, кейде қарыншалардың бұлшықет қабырғасының
созылуымен байланысты ақырын ІІІ тон естіледі (жасөспірімдерде
көлденеңінен V нүктеде жақсы естіледі, ал тігінен естілмейді). Спортпен
айналысатын балаларда жүрекшенің жиырылуынан болатын әлсіз дыбыс
IV нүктеде естіледі.
Жүрек
тондарының
ырғақтығы
(жүрек
ырғағының
реттілігі)
диастолалық үзілістің теңдігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: