Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет176/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   315
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ
АНАТОМДЫ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Баланың асқорыту жүйесінің ағзаларына морфологиялық және 
физиологиялық ерекшеліктер тән; әсіресе, олар ерте жастағы балаларда 
айқын көрінеді. Олардың асқорыту жүйесі ең алдымен ана сүтіне 
қорытуына бейімделген. 
Ауыз қуысы 
Нәресте және сәби балалардың ауыз қуысы салыстырмалы түрде 
кішірек болып келеді. Жаңа туылған нәрестелердің еріндері қалың және 
оның ішкі беткейінде көлденең жоталар орналасқан. Ауыздың шеңберлі 
бұлшықеті жақсы дамыған. Нәресте және сәби балалардың беттері тері мен 
жақсы дамыған бет бұлшықетінің дөңгелек майлы денесінің (Биша майлы 
түйіршіктері) есебінен дөңгеленген және дөңес болады, олар 4 жасынан 
бастап біртіндеп атрофияға ұшырайды. Қатты таңдай жалпақ; жұмсақ 
таңдай қысқа, горизонтальдіге жақын орналасқан. Таңдайлық шымылдық 
жұтқыншақтың артқы қабырғасымен жанаспайды, сондықтан баланың 
емшекті ему кезінде тыныс алуын қамтамасыз етеді. Сүт тістердің 
қалыптасу себебінен жақтардың альвеолярлы өсіндісі айтарлықтай 
үлкейеді және қатты таңдайдың күмбезі көтеріледі. Жаңа туғандардың тілі 
қысқа, көлемді, қалың және аз қозғалмалы, бүкіл ауыз қуысын алып 
жатады. 


256 
Балалардың (әсіресе ерте жастағы) ауыз қуысын шырышты қабаты 
жұқа және оңай жарақаттанады, сол себепті ауыз қуысын өңдеу кезінде 
абай болу керек. Ауыз қуысының түбінің шырышты қабығында көптеген 
түйіршіктермен қапталған айқын қатпары бар. Жоғарғы және төменгі жақ 
арасындағы саңылау аймағындағы бет ұртының шырышты қабатында 
жота тәрізді дөңесті байқауға болады. Көлденең қатпарлар (жоталар) қатты 
таңдайда; жотатәрізді дөңестер – қызыл иекте бар. Осы түзілістердің 
барлығы ему кезінде ауыз қуысының герметизациясын қамтамасыз етеді. 
Жаңа туылған балалардың қатты таңдайдың шырышты қабығының орта 
сызығы бойында Бон түйіні орналасқан – сарылау түсті түзіліс – сілекей 
бездерінің ретенционды жылауығы. Түйіндер өмірінің бірінші айының 
соңына қарай жойылады. Балалардың алғашқы 3-4 айында ауыз қуысының 
шырышты қабаты салыстырмалы түрде құрғақ болады. Бұл сілекей безінің 
толық дамымауына және сілекейдің аз болуымен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет