Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет177/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Сілекей бездері 
Нәресте балалардың сілекей бездерінің ерекшеліктері: 
-
секрецияның белсенділігі төмен; 
-
аз мөлшерде қою тұтқыр сілекейдің бөлінуі (ему кезіндегі ауыз 
қуысының герметизациясы); 
-
сілекей реакциясы бейтарап немесе әлсіз қышқыл; 
-
амилаза концентрациясы аз. 
1,5-2 айлық балада сілекей бездерінің функционалды белсенділігі арта 
бастайды, ал 3-4 айлық балада кейде сілекей ауыз сыртына ағып кетеді. 
Бұл сілекей бөліну және сілекей жұту реттелуінің толық жетілмегендігімен 
байланысты (физиологиялық сілекей ағу). Сілекей қышқылдығы жасқа 
байланысты арта түседі. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап сілекейдің 
құрамына крахмал мен гликогенді ерітуге қажетті α-амилаза және басқа да 
ферменттер кіреді. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда бұл 
ферменттердің құрамы және белсенділігі айтарлықтай жоғарылайды. 
Жұтқыншақ 
Емшек жасындағы балаларда жұтқыншақ шұңғы тәрізді болады. 
Жұтқыншақ кіреберісі таңдай пердесінің артқы-төменгі бөлігінің 
жоғарысында орналасқан және ауыз қуысымен байланысқан. Тағам 
шығыңқы көмейдің жан-жағымен жылжиды, сондықтан бала емуді үзбей-
ақ бір уақытта тыныс және жұта алады. 
Ему және жұту 
Ему және жұту – туа пайда болған шартсыз рефлекс. Дені сау және 
толық жетіліп туылған нәрестелерде туылғанда толық қалыптасқан. Ему 
кезінде бала омырау үрпісін ернімен нығыздап ұстап алады. Ауыз қуысы- 


257 
ның герметизациясына көмектесу үшін оны жақ қысады. Баланың төменгі 
жағы тілімен бірге төмен және артқа қарай ығысады, сол себепті ауыз 
қуысында теріс қысым пайда болады. Содан кейін ауыз қуысының бос 
кеңістігіне 
ана 
сүті 
келеді. 
Жаңа 
туылған 
балаларда 
шайнау 
аппараттарының барлық элементтері ана сүтін ему процесіне бағытталған: 
ерні пілтұмсық тәрізді, иектік мембрана, таңдайдағы көлденең қатпарлар 
және беттегі майлы денелер. Жаңа туылған балаларда ауыз қуысының 
емуге қабілеттілігі – физиологиялық нәрестелік ретрогнатия, ол кейіннен 
ортогнатияға айналады. Ему кезінде бала төменгі жақты алдынан артқа 
қарай ырғақты қозғалтады. Буындық төмпешіктің болмауы баланың 
төменгі жағының сагиттальді қозғалысын жеңілдетеді. 
Өңеш 
Туылғанда өңеші қалыптасқан, бірақ оның анатомиялық тарылулары 
айқын емес; олар жасына қарай қалыптасады. Нәрестелерде өңеш 
қабырғалары жұқа және бұлшық еттік қабаты толық дамымаған. Сәби 
балаларда өңештің шырышты қабаты бездерге кедей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет