Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет179/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Ішек 
 
Жіңішке ішек 
Нәрестелерде аш ішектің салыстырмалы ұзындығы ұзын: 1 кг дене 
салмағына 1 м, ал ересектерде – 10 см ғана. Бауыр көлемі салыстырмалы 
үлкен болуына және кіші жамбас толық жетілмеуіне байланысты 
ересектерге қарағанда ішек ілмектері тығыздау орналасады. Жіңішке 
ішекте тамақтың негізгі қорытылуы мен сіңірілуі өтеді. 
Нәрестенің 
он екі елі ішегі 
сақина тәрізді болады (иілімдері кейін 
қалыптасады), оның басы мен соңы L
1
деңгейінде орналасқан. Сәбилерде 
он екі елі ішек өте қозғалмалы болады, бірақ 7 жасында оны май тіні 
қаптайды. 
Он екі елі ішектің жоғарғы бөлімінде қышқыл асқазан химусының 
сілтіленуі жүреді – ұйқы безінде өндірілетін және өтпен араласатын 
ферменттердің әсеріне дайындық. Ересек жастағы балаларға қарағанда 
нәрестелерде оны екі елі ішегінің шырышты қабаттың қатпарлары кішірек; 
ересектерге қарағанда дуоденальдық бездердің көлемі кішірек және 
тармақталуы аздау. Он екі елі ішек шырышты қабаттың эндокринді 
жасушаларынан бөлінетін гормондардың арқасында асқорыту жүйесінің 
қызметін реттейді. 
Ащы ішек жіңішке ішектің шамамен 2/5, мықын ішек 3/5 ұзындығын 
құрайды (он екі елі ішекті қоспағанда). Мықын ішек илеоцекалдық 
қақпақшамен аяқталады (баугиния жапқышы). Ерте жастағы балаларда 
илеоцекальдық қақпақша салыстырмалы әлсіз, сондықтан соқыр ішектің 
бактериялық флораға бай заттар мықын ішекке кері түсуі мүмкін, оның 
терминальді бөлімінің қабынуына себеп болуы мүмкін.
Сәби балалар жіңішке ішегінде газдар салыстырмалы көп, бірақ 7 
жасқа қарай көлемі біртіндеп кішірейеді, толық жойылғанша (ересектерде 
қалыптыда жіңішке ішекте газ болмайды). 


260 
Жіңішке ішектің шырышты қабаты жұқа, қан тамырларға бай және 
жоғары өткізгіштікке ие (әсіресе өмірінің бірінші жылындағы балаларда). 
Нәрестелерде шырышты қабатында жекелеген және топтық лимфалық 
фолликулалар терең орналасқан. Бастапқы кезде олар ішектің барлық 
аймақтарына жайылады, ал кейіннен лимфалық фолликулалар (пейер 
түйіні) топтасқан түрде негізінен мықын ішекте орналасады. Лимфалық 
тамырлары ересектерге қарағанда көп және қуысы кең болады. Жіңішке 
ішектен ағатын лимфа бауыр арқылы өтпейді, ал сіңірілу өнімдері бірден 
қанға түседі. 
Нәрестелерде бұлшық етті қабаты (әсіресе оның бойлық қабаты) 
толық дамымаған болады. Нәрестелерде мен сәбилерде шажырқайы қысқа 
және бірінші жылы аралығында ұзындығы үлкейе түседі.
Жіңішке ішекте күрделі ыдырау мен сіңірілу процесстерінің негізгі 
этаптары өтеді. Сәби балаларда сүтпен қоректену кезінде мембраналық 
асқорыту басым болады. 
Жіңішке ішектің секреторлық аппараты туылған уақытында жалпы 
қалыптасқан. Тіпті нәрестелердің ішек сөлінде ересектердікімен бірдей 
ферменттерді (энтерокиназа, сілтілі фосфатаза, липаза, амилаза, мальтаза, 
нуклеаза) анықталуы мүмкін, бірақ олардың белсенділігі төмен, тек жасы 
ұлғайған сайын арта түседі. Ерте жастағы балаларда ақуыз қортылуының 
ерекшелігі – шырышты қабат эпителиоциттерінің пиноцитозға жақсы 
қатысуы, сондықтан бірінші апталық балаларда сүттегі ақуыз қанға аз 
өзгерген күйінде өтеді. Бұл сиыр сүтінің ақуызына антидене түзілуіне 
әкелуі мүмкін. Бір жастан асқан балаларда ақуыз гидролизі арқылы 
аминқышқылдар түзіледі. 
Бала 
өмірінің 
бірінші 
күнінен–ақ 
жіңішке 
ішектің 
барлық 
бөлімдерінің ферменттері біршама жоғары гидролитикалық белсенділікке 
ие. Мальтазаның белсенділігі туғаннан-ақ ересектердікіндей біршама 
жоғары болады, ал кейіннен сахаразаның белсенділігі арта түседі. 
Лактазаның 
белсенділігі 
жүктіліктің 
соңғы 
аптасында 
жылдам 
жоғарылайды. Ана сүтімен тамақтану кезеңінде де жоғары күйінде қалады, 
ал 4-5 жасқа қарай біршама төмендейді. Лактазаның ең төмен белсенділігі 
ересектерде байқалады. Ана сүтіндегі β-лактозаның сиыр сүтіндегі α- 
лактозаға қарағанда баяу сіңіріледі және ішінара тоқ ішекке түседі, ол ана 
сүтімен тамақтанатын балаларда грам-оң ішек микрофлорасының 
қалыптасуына ісер етеді. 
Липазаның белсенділігінің төмен болу себебінен май қорытылуы 
ерекше қауырт өтеді. 
Сәби балалардың ішектегі ашу процесі тағамның ферменттік 
ыдырауын толықтырады. Бірінші айлық дені сау балаларда ішекте шіру 
болмайды. 


261 
Сіңірілу қабырғалық асқорытумен тығыз байланысты және жіңішке 
ішектің шырышты қабатының беткейіндегі жасушалардың құрылымы мен 
қызметіне тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет