333
Туа біткен гидронефроз
(сурет 10-22)
–
зәр шығуының қиындауынан
туындайтын түбек және тостағаншалардың прогрессивті кеңеюі.
Ең жиі
себебі түбек-несепағар сегментінің стенозы болып табылады, бұл
стеноздың
болуы
эмбриогенезде
несепағардың
құбырлануының
бұзылысына байланысты.
Несепағар дамуының аномалиясы:
бір
жақты немесе екі жақты екі
еселенуі;
краниальды
немесе
каудальды
бөлігінің бөлшектенуі;
стриктуралар;
сағалардың эктопиясы (қалыпты
емес орналасуы);
дивертикул;
мегалоуретер;
ретроканальды несепағар.
Қуық аномалиясы:
агнезия;
экстрофия (қуықтың және іш
пердесінің туа біткен жарығы);
дивертикул (сурет 10-23).
Зәр
шығару
түтікшесінің
даму
аномалиялары:
-
агнезия;
-
атрезия немесе стеноз (сурет 10-
24);
-
гипоспадия (уретраның
төменгі
іргесінің
дистальді
бөлігінің
болмауы, бұл жағдайда оның сыртқы
тесігі тәждік жылғада,
жыныстық
мүшенің төменгі бөлігінде,
ұмада
немесе бұтарасында орналасуы);
-
эписпадия
(толық
немесе
жартылай
уретраның
алдыңғы
іргесінің болмауы).
Достарыңызбен бөлісу: