Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет244/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   315
355 
Сурет 11-4
. Гемостаз 
 


356 
Гемокоагуляция жүйесінің негізгі компоненттері: 

 Гемостаздың 
тамырлық 
бағаны. 
Физиологиялық 
жағдайда 
тромбоциттер 
тамыр 
қабырғасының 
эндотелиалды 
жасушаларына 
жабыспайды. Ол тамырдың эндотелиалды жасушалары тромбоциттер 
функциясын тежейтін простациклин түзуі мен байланысты. Тамыр 
қабырғасының бүтіндігі бұзылса тромб түзіледі. 

 Тромбоцитарлық 
бағаны
тромбоциттер 
адгезиясын 
және 
агрегациясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тромбоциттерде қанның 
ұю үрдісіне қатысатын оннан артық факторлар бар (араб сандарымен 
белгіленеді). 

 Плазмалық
бағаны
қан ұюдың он үш факторынан тұрады. Рим 
сандарымен белгіленеді. 
Қан тамыр қабырғасы зақымдалғанда рефлекторлы түрде жергілікті 
ангиоспазм пайда болады (сурет 11-4), ол жарақаттан алғашқы қан кетуді 
шектейді және жергілікті гемостатикалық заттардың жиналуына алып 
келеді.
Бір мезетте қанның тамырдың зақымдалған құрылымдарымен 
әрекеттесуі басталады. Зақымдалған эндотелиалдық жасушаларға және 
базальді мембранаға тромбоциттер жабысады (адгезия), одан кейн олардың 
бір-бірімен жабысуы (агрегация) туындайды. Осы кезде қалыпты жағдайда 
белсенді емес плазмалық факторлар рет-ретімен белсеніп, белсенді 
энзимдерге 
айналады, 
олар 
тамырдың 
зақымдалған 
аймағында 
тромбоцитарлық агрегат түзеді, одан соң қан ұйындысына айналады. 
Ұйынды пайда болуымен және қанкетудің тоқтауымен аяқталатын
күрделі, көп кезеңді, каскадты ферменттік үрдіс жүреді. Үрдіс барысы 2 
минутты қамтиды. 
Тромбоциттердің ұйындыда фибрин талщықтарын тарту қабілетіне 
байланысты қан ұйындысының ретракциясы басталады. Нәтижесінде 
ұйынды көлемі кішірейіп, одан сарысу сығын бөлініп шығады. 
Қалыптыда қан ұйындысының рентракциясы 0,3-0,5 (ІІІ–ІV дәреже) 
тең.
Фибронолизиннің әсерінен ұйынды лизисі, тамырдың өткізгіштігі 
және қанның ағымы қалпына келеді. 
Гемостаздың тромбоцитарлық бағанын бағалау үшін Дьюк әдісін 
қолдану арқылы қанның ағу уақытын анықтауға болады. Скарификатормен 
саусақ ұшын немесе құлақтың сырғалық ұшын тесіп, фильтрленген 
қағазбен әр 15-30 сек сайын сыртқа шыққан қанды сүртіп алып отырамыз. 
Алғашқы қан тамшысы пайда болған уақыттан, қан тоқтағанға дейінгі 
уақыт аралығы қан ағу ұзақтығы болып табылады (қалыптыда 2-4 минут). 
Қан ағу уақыты ұзаруы, тромбоциттердің саны азайғанын немесе 
функциясының бұзылғанын көрсетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет