Оқулық «гэотар-медиа»


Осы қан түзілу кезеңдеріне сәйкес Hb үш түрі бар (сурет 11-1)



Pdf көрінісі
бет240/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
Осы қан түзілу кезеңдеріне сәйкес Hb үш түрі бар (сурет 11-1): 
-
эмбриональды HbP ( «primitive» - қарапайым); 
-
фотальды - HbF ( «fetus» - ұрық); 
-
ертесектік Hb типі - HbA («adult» - ересек).
HbP және HbF-тің маңызды физиологиялық қасиеті - олардың оттегіне 
ұқсастығы өте жоғары. Бұл ұрықтың құрсақ ішінде оттегімен қамтамасыз 
етілуінде өте маңызды. 
Туылған кезде балада HbF барлық қан Hb-нің 60-85% құрайды. Ол 
біртіндеп HbA айналады. 1 жасқа қарай HbF -15%, үш жаста қалыптыда 
2% дан аспайды. 


349 
Құрсақ ішілік қантүзу ағзалары 
Сурет 11-1
. Құрсақ ішілік гемоглобин синтезі. 
 


350 
Жүктіліктің соңында ұрықтың бауырында қанның түзілуі тоқталады, 
ал көкбауырда қызыл қан жасушаларын гранулоциттер, мегакариоциттерді 
түзу мүмкіндігі жоғалады, ал лимфоциттер, моноциттер түзілуі және
қартайған және зақымдалған эритроциттер мен тромбоциттері жою 
қызметі сақталады. 
Құрсақтан тыс кезеңде лимфоциттерден басқа, қанның барлық 
жасушаларынын негізгі түзуші сүйек кемігі болады. 
Нәрестелердің жалпақ және құбырлы сүйектері қызыл кемікпен 
толыққан. Бұл қызыл кемік пункциясын жасау орнын таңдағанда өте 
маңызды. 
Қызыл кемік алу үшін әдетте пункцияланатын жер: 

нәрестелерде - өкше сүйегі; 

1 жасқа дейінгі балаларда - үлкен жіліншік эпифизы; 

ересек жастағы балаларда - мықын сүйек қыры. 
Төс пункциясы қазір кезде қолданылмайды. 
Өмірінің бірінші айынан бастап қызыл кемік майға (сары) айнала 
бастайды және 12-15 жаста қан түзілуі жалпақ сүйектерде ғана сақталып 
қалады.
Жетілген шеткі қан жасушалары кемікте дамитын, өздерінің алдыңғы 
түзілген жасушаларынан дамиды.( сурет 11-2). 
Бағаналық қан түзуші жасуша (CFU - blast)
– қанның барлық 
формалық элементтерін туындататын бастапқы жасуша болып табылады.
Қызыл кеміктен қанға түскен жасушалар функционалдық өзгерісін 
жалғастырады. Біртіндеп құрамы өзгереді және жасуша ферменттерінің 
белсенділігі 
төмендейді, 
жасушалар 
қартаяды, 
бұзылады 
және 
макрофагтармен қайта өңделеді. 
Қан тамырындағы жетілген қан жасушаларының өмір сүру ұзақтығы: 

эритроциттер – 120 күндей; 

тромбоциттер – 9-10 күн; 

нейтрофилдер – 14 күн; 

лимфоциттер – бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін; 

эозинофилдер – 8-12 күн; 

моноциттер қанда 12 сағаттай айналып жүріп, тіндерге еніп 
макрофагқа айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет