Оқулық «гэотар-медиа»


ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет33/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ 
 
Физикалық даму ауытқулары бала жағдайы жағымсыздық белгісі 
болуы мүмкін. Ұрық дамуының тежелуі (3-6 сурет) мүмкін:

«симметриялы», яғни дене салмағының және дене ұзындығының 
бірдей 
төмендеуі, 
бұл 
зақымдалуының 
өте 
ауыр 
екенін 
куәландуырады (жүктіліктің бірінші және екінші жартысында 
ұрыққа жағымсыз факторлардың әсері). 

«ассимметриялы», бұл кезде тек дене салмағы төмендейді, ал дене 
ұзындығы қалыпты (тек жүктіліктің екінші жартысындағы 
жағымсыз факторлардың әсері). 
Дене салмағының артық болуы ісіну синдромына, семіздікке, лимфа-
гипопластикалық диатезге, сонымен қатар қант диабетімен ауырған анадан 
туған балаларға тән. 
Нәрестенің кеуде шеңберінің өлшемін бас шеңберімен салыстыру 
үшін өлшенеді. Айырмашылығы 2 см-ден жоғары болуы ОЖЖ-нің 
перинатальды зақымдалудағы гидрофецалия белгісі болып табылады. Бас 
және кеуде шеңберлерін өлшегенде, туу кезінде бас сүйектерінің бір-
бірімен қиысу мүмкіндігін, шел-май қабатының қалыңдығын, кеуде қуысы 
аймағының ісінуін ескерген жөн. Туу кезіндегі қалыпты бас шеңберімен 


салыстырғанда 
жиі 
оның 
кішіреюі 
конфигурациясының 
өзгеруі 
нәтижесінде болады. Компенсацияланған гидроцефалияға қарағанда, 
микроцефалия сирек анықталады. 
Физикалық статусын бағалағанда дене ұзындығын және салмағын 
бірдей ескеру керек. 
Жеке бағалағанда дене ұзындығы орта (қалыпты), төмендетілген
көтеріңкі, төмен, биік болуы мүмкін (3-7 сурет). Дене салмағы («толығуы») 
қалыпты, төмендетілген, төмен, көтеріңкі, жоғары болуы мүмкін (3-8 
сурет). 

Қалыпты физикалық даму (орта үйлесімді) – баланың бой 
ұзындығы, жасына сай болады (±5-10%), ал дене салмағы бой 
ұзындығына сай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет