Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет102/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Буын деформациясы
көп аурулар кезінде дамиды, бірақ кейбір кезде 
спецификалы болады: 

«шұшықтәрізді» 
саусақ 
деформациясы 
реактивті 
және 
псориатикалық артритке тән; 

«ұршықтәрізді» - ювенильді ревматоидты артритке және ЖҚЖ-ге 
тән; 

«жануардың тырнақты қолы» түріне ұқсайтын білезіктің өзгеруі – 
жүйелі склеродермия. 
ГИПЕРМОБИЛДІЛІК 
 
Буын гипермобилділігі (жоғары қозғалғыштық) байлам аппаратының 
әлсіздігінен болады. Оны буын тіндерінің тұқым қуалайтын дисплазия 
кезінде (Элерс-Данлос, Марфан синдромдарында және т.б.) байқауға 
болады. Буынның тұрақсыз және шектен тыс қозғалысы – сіңір 
жыртылысы 
кезінде, 
буындық 
капсула 
өзгерісінде, 
шеміршек 
бұзылысының әсерінен буын беттерінің бір-бірімен сәйкестігінің болмауы. 
 
АРТРИТ 
 
Артрит жұмсақ тіндердің біркелкі ісінуімен және буынның 
дефигурациясы 
және/немесе 
деформациясымен, 
терінің 
жергілікті 
гиперемия және гипертермиясымен, пальпация кезінде буын аймағының 
ауырсынуымен, барлық кеңістіктерде активті және пассивті қозғалыс 
бұлыстарымен сипатталады.



Артриттер 
көптеген инфекциялық аурулар (қызамық, вирусты 
гепатит, АИВ-инфекциясы, боррелиоз, бруцеллез, туберкулез, мерез 
154 
және т.б.) кезінде пайда болады. Жедел бактериальді артритке (әдетте 
бір ғана буын зақымдалады) буынның кеңеттен ауырсынуы, 
қабынудың барлық жергілікті белгілері, жергілікті лимфоденитпен 
және гектикалық қызбамен бірге жүретін буын қуысында іріңді 
экссудат жиналуы тән. 

Рейтер 
ауруы
(реактивті 
артрит) 
иммунды 
қабынумен 
шақырылатын 
урогенитальді 
және 
ішек 
инфекцияларымен 
ауырғаннан соң дамиды. Бұл ауруға аяқ буындарының басым 
зақымдалуымен көрінетін 
ассиметриялы олигоартрит
(2-3 буынның 
қабынуы); талалгия, сонымен қатар көздің (конъюктивит, увеит) және 
зәр шығару жолдарының (уретрит) қабынулық өзгерісі тән. 

Жаңа 
буындардың 
біртіндеп 
қосылуымен, 
деформациямен, 
«таңертеңгілік 
қозғалыс 
шектелу» 
синдромы, 
қызметінің 
бұзылысымен, 
шеміршекті 
және 
сүйекті 
құрылымның 
зақымдалуымен, шығулардың және жартылай таюдың дамуымен 
өтетін 
симметриялық артрит
ювенильді ревматоидты артритке тән. 

Ауыспалы эрозивті емес полиартрит
жедел ревматикалық қызбаға, 
ЖҚЖ-ге, геморрагиялық васкулитке, дерматомиозитке және басқа 
ревматикалық ауруларға тән. 

Омыртқа ригидтілігімен бірге жүретін буын зақымдалуы
ювенильді спондилоартрит немесе анкилозирленген спондилоартрит – 
Бехтерев ауруының дамуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет