Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет103/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

СҮЙЕК ЖҮЙЕСІНІҢ ІСІГІ 
 
Балаларда Юинг саркомасы, остеосаркома, остеохондрома және 
остеидті остеома жиі дамиды. Соңғысына интенсивті, шыдатпайтын 
ауырсыну тән. Басқа сүйек ісіктерінде ауырсыну синдромы ұзақ уақыт 
бойы айқын емес болады. Зерттеу кезінде зақымдалған аймақта ісік, тін 
ісінуі көрінеді және сүйектерде ауырсыну сезімі пайда болады. 
 
ОСТЕОМИЕЛИТ ЖӘНЕ ПЕРИОСТИТ 
 
Остеомиелит – бактериалды (жиі грамтеріс) флорамен негізделген 
сүйек кемігінің жедел немесе созылмалы қабынуы; әдетте сүйектің тығыз, 
кеуекті заты мен сүйекүсті қабатында таралады. Күрт жергілікті 
ауырсынумен 
жүретін 
сүйектегі 
интенсивті 
ауырсыну, 
қызба, 
интоксикация тән. Балаларда жиі аяқтары зақымдалады, бірінші кезекте


155 
сан және үлкен жіліншік сүйектің проксимальды немесе дистальды 
бөліктері 
зақымдалады. 
Остеомиолит 
ошағы 
түтікшелі 
сүйектің 
метафизінде және эпифизінде орналасады (1 жасқа дейінгі балаларда), жиі
процесстерге буындар зақымдалуы қосылады. Туберкулезді остеомиелит 
ұзын 
түтікшелі 
сүйектердің 
эпифиз/метафизінде 
немесе 
омыртқа 
жотасында дамиды, бұл кезде қабыну және ауырсыну синдром белгілері 
айқын емес.
Перистит (сүйекүсті қабатының қабынуы) жергілікті қалыңдауымен, 
беткейінің бұдыр болуымен және сүйек ауырсынуымен көрінеді. Сүйектің 
туберкулездік, 
сифилистік 
немесе 
ісіктік 
зақымдануларында, 
ревматикалық ауруларда туындайды.
 
СҮЙЕКТІҢ СЫНУЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ТАЮЫ 
 
Балаларда сүйек сынуы бойдың максимальды созылу кезінде жиі 
туындайды. Ауырсыну, сүйек ісінуі және деформациясы (сынықтар 
ығысуында), сынған жерде крепитация және қанқұйылу, сирақтардың 
қысқаруы және оның қызметінің бұзылысы пайда болады. Ерте жастағы 
балаларда сүйек үсті сынулар және сүйекүсті бүтіндігінің сақталуымен 
кортикальды заттың бүтіндігінің бұзылуымен «жасыл бұтақ» типті 
сынулар сирек емес.
Жартылай таюлар екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларда жиі 
болады. Созылған қолды кенеттен тартқан кезде буынның құрылымының 
толық жетілмеу әсерінен шыңтақтың немесе иық сүйектің бастарының 
жартылай таюы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет