199
Бадамша безінің қабынуы
Аңқаны тексергенде катаралды, фолликулярлы немесе лакунарлы
ангина анықталады.
• Катаралды ангина аңқа гиперемиясымен, доғалардың ісінуімен,
бадамша безінің ісінуімен және борпылдақтануыма білінеді. Әдетте
катаралды ангина ЖРВИ-ге тән.
• Фолликулярлық ангинада аңқаның қанық гиперемия фонында,
бадамша безі борпылдақ және ұлғайған, оның бетінде нүктелі (не
кішірек көлемді) жамылғы байқалады, әдетте, ақ не сарғыш түсті.
• Лакунарлық ангинада лакунада ақ түсті қабыну бөліндісі көрінеді,
бадамша безі қанық қызыл. Фолликулярды және лакунарлы
ангинаның қоздырғышы бактериялар (мысалы, стрептококк немесме
стафилококк).
• Аңқа дифтериясында бадамша безінің үстінен лайлы-сұр жамылғы,
аздаған гиперемия байқалады. Шпательмен жамылғыны сыдырып
алғанда шырышты қабаты қансырайды, жамылғы өте қиын алынады.
Кеуде қуысының пішіні
Кейбір өкпе ауруларында кеуде қуысының пішіні өзгеруі мүмкін.
• Ауыр обструктивті ауруларда (астма, муковисцидоз) алдыңғы-артқы
көлемі ұлғаяды, бөшке тәріздес көкірек пайда болады.
• Экссудативті плевритте зақымдалған жақта көкіректің томпаюы, ал
созылмалы пневмонияда – ішке ығысуы байқалады.
Көкіректің иілгіш аймақтарының ішке тартылуы инспираторлық
ентігумен жүретінін тыныс жолдары ауруларын көрсетеді. Қабырға
аралықтарының, мойындырық шұңқырының тыныс алғанда айтарлықтай
ішке тартылуы круп кезіндегі стенозды тынысқа тән.
Достарыңызбен бөлісу: