Оқулық «гэотар-медиа»


Көкірек экскурсиясының симметриялы болмауы



Pdf көрінісі
бет134/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
Көкірек экскурсиясының симметриялы болмауы
Плеврит, өкпе ателектазы, біржақты созылмалы пневмония кезінде 
өкпенің бір жақ бөлігінің (зақымдалған жақ) тыныс алғанда қалуы 
байқалады. 
Тыныс ырғағы 
Ырғақ бұзылысының өзіндік өзгерісі Чейн-Стокс және Биот тынысы 
деп аталады. Бұл бұзылыстар балаларда ауыр менингитте және 
энцефалитте, нәрестелерде бас қаңқаішілік қан құйылуында, уремияда,


Сурет 7-36.
Тыныс ырғағы: а – ырғақты; б 
– Биот тынысы; в – Чейн-Стокс тынысы 
200 
уланғанда және т.б. жағдайларда 
кездеседі (сурет 7-37). 
Чейн-Стокс тынысында аз 
уақыт үзілістен кейін тыныс қайта 
пайда болады, басында беткейлі 
және сирек, кейін әр тыныстанған 
сайын тереңдейді, ал ырғағы 
жиіленеді; шыңына жеткен соң, 
тыныс біртіндеп сирей бастайды, 
беткейлі болады және қайтадан 
қысқа уақытқа үзіледі. Сәбилерде 
Чейн-Стокс 
тынысы 
қалыпты 
болуы 
мүмкін, 
әсіресе 
ұйқы 
кезінде. 
• Биот тынысы ретті тыныстың ұзақ үзіліспен (30 сек және ұзақ) 
алмасуымен сипатталады. ТАЖ көптеген тыныс ағзаларының 
ауруларында өзгереді. 
• Тахипноэ - тыныстың жиілеуі (ТАЖ жастық нормадан 10%-тен 
жоғары). Дені сау балаларда қобалжығанда, физикалық жүктемеде 
және т.б. пайда болады. Тыныштықтағы тахипноэ тыныс және жүрек - 
тамыр жүйелерінің ауқымды зақымдалуында, қан ауруларында
(мысалы, анемияларда), қызбамен жүретін ауруларда және т.б. 
жағдайларда пайда болады. Терең тыныс алғанда ауырсынумен өтетін 
барлық жағдайларда тыныс жиілейді, бірақ беткейлі болады, ол 
әдетте, плевраның зақымдалғанын көрсетеді (мысалы, жедел плеврит 
немесе плевропневмония). 
• Брадипноэ – тыныс жиілігінің азаюы, балаларда сирек кездеседі 
(әдетте 
тыныс 
орталығының 
тежелуінде). 
Әдетте 
коматозды 
жағдайларда (мысалы, уремияда), уланғанда (мысалы, ұйықтататын 
дәрілер қабылдағанда), бас қаңқаішілік қысымы жоғарылағанда, ал 
нәрестелерде – тыныс жетіспеушілігінің терминалдық кезеңінде пайда 
болады. 
ТАЖ 
және 
ЖЖЖ-нің 
қарым-қатынасы 
тыныс 
ағзаларының 
зақымдалғанында өзгереді. Пневмонияда 1:2 немесе 1:3 қарым-қатынасы, 
себебі тыныс жиілігі жүрек жиілігінен басымырақ жиіленеді. 
Ентігу тыныс алудың (инспираторлы ентігу) немесе тыныс шығарудан 
(экспираторлы ентігу) қиындауымен сипатталады және субъективті ауа 
жетіспеу сезімін тудырады (сурет 7-38). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет