Оқулық «гэотар-медиа»


Айқайдың және дауыстың өзгерісінің өзгешеліктері



Pdf көрінісі
бет131/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Айқайдың және дауыстың өзгерісінің өзгешеліктері 
Бала айқайының өзгешеліктері және дауыстың өзгерістері көптеген 
ауруларда байқалады. 
- Айқай және ауырсынумен жылау – отиттің жиі белгілері. Ауырсыну 
(сонымен қатар жылау) құлақ бүртігін басқанда, жұту және ему 
кезінде күшейеді. 
- Анда-санда кенет айқайлап қалумен үзелетін монотонды айқай 
миішілік қысымның жоғарылауы кезінде (мысалы, менингитте, 
энцефалитте) байқалады. 
- Нәрестелерде әлсіз, шиқылдақ айқайы немесе айқайдың болмауы 
баланың жалпы әлсіздігі (ауру кезінде) немесе ауыр босану жарақаты 
туралы ойлауды мәжбүрлейді. 
- Қарлыққан дауыс немесе афония (оның болмауы) жұтқыншақтың 
шырышты қабатының патологияның немесе дауыс байламдары 
зақымдалуының белгісі болуы мүмкін. 
- Дауыстың мұрындық реңкі (маңқалық) созылмалы ринит, 
аденоидтар, жұтқыншақ арты абсцесс, таңдай пердесінің парез 
(мысалы, дифтерияда) кезінде болады. 
 
Кеуде қуысының ауырсынуы 
Тыныс жолдарының аурулар кезінде көкіректің ауырсынуы екі 
фактормен негізделеді: плевраның зақымдалуымен (қабынуы, ісік, 
жабыспа) немесе өкпе тінінің ишемиясымен (сурет 7-35).
• Плевра зақымдалғандағы ауырсыну, әдетте көкіректің бүйір тұсында 
орналасады, ол жерде өкпе шетінің қозғалысы максимальды. Терең 
дем алғанда, жөтелгенде ауырсыну күшейеді, себебі плевра 
қабаттарының үйкелісі артады. Зақымдалған жағына бұрылып 
жатқанда ауырсынуы бәсеңдейді. 


197 
 
Сурет 7-35.
Кеуде қуысының ауырсынуы
 
• Диафрагмалық плевра зақымдалғанда ауырсыну іштің жоғарғы 
бөлігінде немесе мойын аймағында орналасады немесе таралады 
(диафрагмалық нервтің зақымдалу себебінен). 
• Пневмония, сонымен қатар құрғақ не экссудативті плеврит кезінде 
ауырсыну әдетте тұрақты, интенсивтілігі орташа немесе әлсіз. 
• Кенеттен пайда болған, өте катты ауырсыну спонтанды 
пневмоторакс, плевра эмпиема, өкпе артериясының тромбоэмболия, 
өкпе инфаркт кезінде байқалады. 
• Тұрақты прогрессивті ауырсыну плевраның ісікті зақымдалуына тән. 
• Тұрақты әлсіз интенсивті ауырсыну плевра швартына тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет