Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет164/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   315
Патологиялық пульсация
– жүрек-тамыр патологиясында жиі 
кездесетін симптом (кесте 8-11). 


239 
Кесте 8-11.
Балалардағы пульсация патологиясының түрлері 
Пульсация түрі 
Диагностикалық маңызы 
Ұйқы артериясының 
пульсациясы («каротид 
биі»)
Аорта қақпақшасының жетіспеушілік симптомы, әдетте 
еріксіз бастың изеуімен жүреді (симптом Мюссе) 
Мойын венасының 
іркілуі және 
пульсациясы 
Жоғарғы қуыс венаның қысылғанында, 
облитерациясында және тромбозында байқалады, беттің 
және мойынның ісінуімен (Стокс жағасы) жүреді. 
Мойын венасының пульсациясы оң жақ жүрекшеден қан 
ағысы кедергісі кезінде және үшжармалы қақпақшаның 
жеткіліксіздігінде байқалады 
Эпигастральды 
аймақтың патологиялық 
пульсациясы 
Оң жақ қарыншаның айқын гипертрофиясында және 
дилатациясыда байқалады. 
Іштің орта сызығынан солға, эпигастральдық аймақтан 
төмен орналасқан пульсация құрсақ қолқасы 
аневризмасын көрсетеді 
Төстің оң жақта екінші 
қабырға аралығында 
пульсациясының күшеюі 
Өрлемелі қолқа кеңеюінде немесе аневризмасында 
байқалады 
Төстен сол жақта екінші 
және үшінші қабырға 
аралығында 
пульсацияның күшеюі 
Өкпе гипертензиясынан өкпе артериясының кеңеюін 
көрсетеді 
Мойындырық тіліктегі 
пульсацияның күшеюі 
Ауыр физикалық жүктемеден соң пульстық қысымның 
жоғарылауында, сондай-ақ аортальдық жетіспеушілікте, 
АГ, аорта доғасының аневризмасында байқалады 
Жүрек дірілі
(«мысық пырылы»). 

Систоликалық діріл байқалады: 
- төстен оң жақта екінші қабырға аралығында және мойындырық 
тілігінде аорта сағасының стенозында; 
- сол жақ екінші және үшінші қабырға аралығында өкпе 
артериясының 
оқшауланған 
стенозында, 
ол 
стеноздың 
күрделі 
ақауларының құрамында болғанда және қарынша аралық далданың
 
жоғарғы ақауында; 
- жүрек негізінде төстен солға және супрастернальді ашық 
артериалдық түтікте; 
- төртінші және бесінші қабырға аралықтарында төс шетінде қарынша 
аралық далда ақауында, митральдық қақпақша жетімсіздігінде; 

Диастолитикалық діріл жүрек ұшы аймағында митральдық стенозда 
байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет