Оқулық «гэотар-медиа»


  Артериалды гипертензия



Pdf көрінісі
бет166/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   315
241 
Артериалды гипертензия.
Систолалық АҚ жоғарылауының негізі 
себептері – қарынша систоласы кезінде жүректің қан шығаруының және 
артерия жүйесіне қанның құйылуының ұлғаюы және аорта іргесінің 
созылмалылығының (тығыздығының, регидтілігінің ұлғаюы) төмендеуі. 
Диастолалық АҚ жоғарылауының басты себебі – жалпы шеткі 
қарсылықтың 
жоғарылауын 
туындатын 
артериолалар 
тонусының 
жоғарылығы (спазмы). АГ біріншілік және екіншілік (симптомды) болуы 
мүмкін. 
Екіншілік АГ ең көп таралған себептері: 
- жүрек және қан тамырларының аурулары (аорта коарктациясы, 
бүйрек артериясының стенозы, аортальдық қақпақша жетімсіздігі, 
артериовенозды шунттар, бүйрек веналарының тромбозы); 
- эндокринді аурулар (Иценко-Кушинг синдромы, тиреотоксикоз, 
феохромацитома, альдестерома және т.б.); 
- бүйрек аурулары (гипоплазия, поликистоз, гломерулонефрит, 
пиелонефрит және т.б.); 
- ОЖЖ зақымдалуы (ми ісіктері, бас жарақатының салдары, 
энцефалит және т.б.). 
Артериалды гипотензия
біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін. 
Соңғысы төменгі ауруларда пайда болады: 
- эндокриндік аурулар (бүйрекүсті безінің жетімсіздігі, гипотиреоз, 
гипопитуитаризм); 
- бүйрек аурулары; 
- кейбір туа біткен жүрек ақауларында. 
Симптоматикалық гипотензия жедел (шок, жүрек жеткіліксіздігі) 
және созылмалы болуы мүмкін, сондай-ақ дәрілік заттардың жағымсыз 
әсерінен пайда болуы мүмкін. 
Жүрек көлемінің және тамыр будасы енінің өзгерістері 
Жүрек 
шекарасының 
барлық 
жағына 
ұлғаюы 
эксудативті 
перикардитте (сурет 8-16), үйлескен және күрделі жүрек ақауларында 
пайда болуы мүмкін. 
Салыстырмалы жүрек тұйықталуының оңға кеңеюі
оң жақ жүрекше 
және оң жақ қарынша (митральды стеноз, өкпелік жүрек, үш жармалы 
қақпақша жеткіліксіздігі) ұлғайғанда байқалады. 
Салыстырмалы 
жүрек 
тұйықталуының 
шекарасының 
солға 
ауытқуы
сол жақ қарынша дилятациясында немесе гипертрофиясында 
(аортальды жетіспеушілік, митральды жетіспеушілік, АГ, миокардтың 
жедел жарақаты және т.б.), кеуде ортасының солға ығысуы, диафрагманың 
жоғары тұруы («жатқан жүрек») байқалады. 


Сурет 8-16.
Кеуде қуысының 
тікелей 
проекциясындағы 
рентгенограммасы. 
Жүрек 
доғалары 
тегістелген, 
жүрек 
көлеңкесі 
дөңгелектеу. 
Перикард қуысында сұйықтық 
жиналуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет