Жүрек жеткіліксіздігі
Жүрек жеткіліксіздігі – веноздық ағымды жүректің адекватты қан
айдауға айналдыру қабілеті төмен жағдай. Жүрек жеткіліксіздігі кейбір
токсикалық септикалық жағдайларында, сондай-ақ туа және жүре пайда
болған жүрек ақауларында, миокардитте, аритмияда және т.б дамиды
(кесте 8-15).
250
Кесте 8-15.
Жүрек жеткіліксіздігі түрлері
Жеткіліксіздік түрі
Патологиялық өзгерістер
Клиникалық көріністер
Cол қарыншалық
жеткіліксіздік
Бастысы сол жақ жүрекше
мен сол жақ қарынша
зақымдалған. Бұл кіші
қанайналымда
қанның іркелуіне әкеледі
Ентігу, өте шаршағыштық,
терлегіштік, жүрек соғуын сезу,
тахикардия.
Сол қарыншалық
жеткіліксіздіктің ең ауыр
көрінісі – өкпе ісінуі
Оң қарыншалық
жеткіліксіздік
Бастысы оң жақ жүрекше
мен оң жақ қарныша
зақымдалған. Бұл үлкен қан
айналымында қанның
іркелуіне әкеледі
Бауыр және көкбауыр ұлғаюы,
ісіну синдромы пайда болуы,
сероздық қуыстарда сұйықтық
жиналуы
Жүрек жеткіліксіздігінің үш дәрежесі ерекшеленеді (кесте 8-16).
Кесте 8-16.
Жүрек жеткіліксіздігінің дәрежесі (Белозеров Ю.М., Мурашко
Е.В., Гапоненко В.А. бойынша, 1994)
Дәреже
Жүрек жеткіліксіздігінің белгілері
І дәреже
Тахикардия (ЖЖЖ қалыптыдан 20-30%-ға жоғары) және
ентігу (ТАЖ қалыптыдан 30-50%-ға жоғары)
тыныштықта; оттегі терапиясы жүргізілгенде сілемей
қабат цианозының жойылуы, жүрек тондарының
тұйықтануы, жүрек шекараларының ұлғаюы, орталық
веналық қысымның 80-100 мм су бағанасына дейін
жоғарылауы
ІІА дәреже
Тахикардия (ЖЖЖ қалыптыдан 30-50%-ға жоғары) және
ентігу (ТАЖ қалыптыдан 50-70%-ға жоғары), сілемей
қабатының цианозы, акроцианоз, қабақ айналасының
ісінуі, жүрек тондарының тұйықтығы, жүрек тұйықтығы
шекарасының ұлғаюы, бауырдың ұлғаюы (қабырға
доғасынан 2-3 см шығуы), орталық веналық қысымның
жоғарылауы және жүректің қан айдауының 20-30%-ға
төмендеуі
ІІБ дәреже
Сол өзгерістер, кіші қанайналымында іркілу пайда
болуы, олигурия, шеткері ісінулер
ІІІ дәреже
(декомпенсация
кезеңі)
Тахикардия (ЖЖЖ қалыптыдан 50-60%-ға жоғары) және
ентігу (ТАЖ қалыптыдан 70-100%-ға жоғары),
тондардың тұйықтануы, жүрек шекараларының ұлғаюы,
өкпе ісіну белгілерінің біліне бастауы, гепатомегалия,
шеткері ісінулер, асцит. Терминальдық кезеңде –
брадикардия, АҚ төмендеуі, брадипноэ, бұлшықет
гипотония, арефлексия, орталық веналық қысымның 180-
200 мм су бағанасына дейін жоғарылауы, жүректің қан
айдауының 50-70% төмендеуі
|