Метеоризм
Метеоризм ішек дисбактериозында, энтероколиттерде, целиакияда,
дисахаридазды жетіспеушілікте, мальабсорбция синдромында, жартылай
немесе толық ішек бітелуінде, ішек парезінде дамуы мүмкін.
Диарея
Диарея ішек перистальтикасының күшеюінде және оның ішіндегісінің
жедел жылжуында, ішекте сұйықтықтың баяу сорылуында және ішек
зақымдалғанда секрециясының күшеюінде пайда болады. Диарея көптеген
инфекциялық және инфекциялық емес асқорыту ағзаларының ауруларында
дамуы мүмкін. Осындай аурулардың кейбір клиникалық ерекшеліктерінің
дифференциалды-диагностикалық маңызы зор (кесте 9-5; сурет 9-41, сурет
9-42).
Сонымен қатар, диарея басқа ағзалар мен жүйелердің ауруларында
байқалады. Аллергиялық, неврогендік, ішектің кейбір ферменттердің
жетіспеушілігіндегі, эндокриндік аурулардағы (тиреотоксикоз, Аддисон
ауруы, ҚД), ішек құрттарындағы және т.б. диареялар белгілі (кесте 9-6).
296
Кесте 9-5.
Диареяның клиникалық ерекшеліктері (Струтынский А.В. және
бірлескен авторлар, 1997)
Түрі
Клиникалық ерекшеліктері
Энтеральді (жіңішке
ішектің сілемейлі
қабатының қабынуы)
Нәжістің орташа жиілеуі (4-6 рет тәулігіне), аса көлемді,
қорытылмаған тағам қалдықтарымен. Стеаторея тән
(«майлы нәжіс»). Диарея кезінде кіндік аймағының
ауырсынуы жиі байқалады
Колиттік (жиі ішектің
дистальді бөлігінің
сілемей қабатының
зақымдалуында)
Өте жиі нәжіс (10-15 рет), тенезмдермен (нәжіс шығар
алдында ауырсыну). Нәжісі аз көлемде, жиі сілемейлі
және қан аралас
Асқазандық (асқазан
секреторлық функциясы
бұзылғандықтан
ақуыздардың
қорытылмауы және
асқазанның тағамнан
жылдам босауы)
Нәжістің орташа жиілеуі (4-6 рет тәулігіне), нәжісі сұйық,
қоңыр түсті, қорытылмаған тағам қалдықтарымен, жиі
жағымсыз шірік иісті (ақуыз қорытылмауы) және
сілемейлі. Диарея жиі эпигастральдық аймақта толу сезімі
және дистензиялы түріндегі кернейтін ауырсынулармен
жалғасады
Ұйқы безілік (ұйқы
безінің сыртқы
секреторлық қызметі
төмендеуінде)
Нәжістің орташа жиілеуі. Нәжісі көлемді (полифекалия),
ботқа тәріздес немесе сұйық, сілемейлі. Стеаторея және
жағымсыз шірік иіс тән. Диарея ішектің жоғарғы бөлігінің
ауырсынумен (кейде белді айнала), метеоризммен, жиі
салмақ жоғалтумен жалғасады
Энкопрез
Энкопрез себептері.
Жедел және созылмалы психикалық стресс.
Дефекация
сезімін
жүйелі
тежеу
(ішек
іргесінің
созылуы
рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді).
Жедел ішек инфекциялары (дизентрия, диспепсия, энтероколит
салдарынан рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді).
|