295
Нәрестелер физиологиялық конъюгациялық сарғаю өмірінің 2-ші
тәулігінде дамиды, 4-5 тәулікте максимальды білінеді және 7-10 тәулікте
әдетте жойылады. Шала туған нәрестелерде
физиологиялық сарғаюдың
ұзақтығы
4
аптаға
дейін
созылады.
Оның
дамуы
бауырдың
глюкуронилтрансферазалық
жүйенің
жасына
сай
жетілмеуімен
байланысты. Глюкуронилтрансфераза белсенділігінің жеткіліксіздігінен
жанама билирубиннің барлығы
тік билирубинге айналмайды, сондықтан
ол
қанда
жинақталады.
Сонымен
қатар
нәрестелерде
сарғаю
глюкуронилтрансферазаның тұқым қуалайтын жеткіліксіздігімен (Криглер
– Найяр синдромы),
өт жолдарының атрезиясымен, фетальды гепатитпен,
өттің қоюлану синдромымен байланысты болуы мүмкін.
Балаларда, басым өмірінің алғашықы 5 жылында,
жиі экзогендік
сарғаю байқалады, ол пигменті бар тағамдарды (сәбіз, асқабақ,
апельсин,
мандарин, құрма және т.б.) немесе дәрілік заттар көп қолданумен
байланысты. Бұл кезде аққабықтың сары түске боялуы болмайды, нәжістің
түсі өзгермейді, қандағы билирубин концентрациясы жоғарыламайды.
Достарыңызбен бөлісу: