313
үлкендердікіндей (2 млн жуық), тек аса
жетілмей туған балаларды
туғаннан кейін біраз уақыт дамиды. Үлкендерге қарағанда нәрестелер мен
сәбилерде шумақ саны тін көлемінің бірлігінде көп. Олардың диаметрі
айтарлықтай кіші. 2 жасқа дейінгі балада нефрондардың саралануы
жеткіліксіз (сурет 10-2).
Қыртысты затының морфологиялық жетілуі 3-5
жасқа қарай, ал
бүйректің дамуы толықтай мектеп жасында аяқталады.
Бүйректердің функционалдық ерекшеліктері
Бала туғаннан бастап бүйрек гомеостатикалық функция атқара
бастайды.
Нәресте бүйрегінің
фильтрациялық қабілеті
төмен. Оның себептері:
шумақ
қаптамасы
висцеральды
қабатының
гистологиялық
құрылысының ерекшелігі (кубты эпителий);
шумақтар көлемінің кішілігі (шумақтардың жалпы фильтрлеуші
беткейі үлкендердікінен 5 есе кем);
төмен гидростатикалық қысымы (бүйректен
минут сайын ағып
өтетін қан көлемі үлкендерде жүрек шығарылымының 25% құрайды,
нәрестеде тек 5%-ы).
Баланың өсуіне қарай шумақ фильтрациясының көлемі ұлғаяды, 1
жасының соңында үлкендердің деңгейіне жетеді.
Әр түрлі заттардың
құбырлық реабсорбция және секреция
үрдісі
біртіндеп қалыптасады, жаңа туған балаларда бірқатар ерекшеліктері бар:
электролиттер және төмен молекулярлы заттардың құбырлық
реабсорбциясы төмен, сондықтан бұл жаста аминқышқылының,
фосфаттардың және бикарбонаттың
зәрмен жоғары экскрециясы
байқалады;
өмірінің алғашқы апталарынан бастап глюкоза реабсорбциясы
үлкендердікімен тең немесе тіпті жоғары, сондықтан өсіп келе жатқан
организмге қажет энергияның сақталуына әсер етеді;
натрий иондарының реабсорбциясы интенсивті жүреді, натрий
хлоридімен жүктегенде нәресте бүйректері
натрий иондарының
реабсорбциялануын жалғастырады, ал үлкендерде олардың сорылуы
тежеледі;
нәрестелер су және натрий хлоридін
адекватты экскрециясына
қабілетсіз; олардың бүйрегі сұйықтықты тәулік бойына бөлшектеп
шығарады, ал бірмезеттегі су күштемесі диуретикалық эффектінің
болмауымен жүруі мүмкін;
калий, кальций, магний және т.б. иондар
экскрецияға қабілеттігі
төмен;
туу кезеңіне қышқылдық-сілтілі жағдайды реттеу үрдісі дамымаған:
бала бүйрегі уақыт бірлігінде қышқыл радикалдарын 2 есе аз
шығарады;